22
Жұма,
Қараша

һижри

Қарияның халифаға қойған үш сауалы (ғибрат)

Қарияның халифаға қойған үш сауалы (ғибрат)

Ғибратнама
Жарнама

Аббаси халифатының әйгілі патшасы Харун Рашидтің заманында Бәһлүл Дана (VIII ғасыр) есімді әулие өмір сүрген. Бір күні Ол халифа Харун Рашидке:

- Ей, Халифа! Саған үш сауалым бар:

  1. Жер бетінде ең көп не нәрсе?
  2. Жер астында ең көп не нәрсе?
  3. Көк жүзінде ең көп не нәрсе? - дейді.

Сауалдарды жеңіл көрген Харун Рашид көп ойланбастан:

  1. Жер бетінде ең көп – жан-жануарлар.
  2. Жер астында ең көп – мәйіттер (өлілер).
  3. Көк жүзінде ең көп – қанатты құстар, - деп жауап береді.

Халифаның жауабына қанағаттанбаған қария басын шайқап:

- Дұрыс емес, ей, халифа! Сен мәселенің беткі жағын ғана айтып тұрсың. Негізін, ақиқатын айтпадың, - деп, қойған сұрақтарының астарын былай деп ашып айтып беріпті:

  1. Жер бетіндегі ең көп нәрсе – ашкөздік пен тойымсыздық, қызғаншақтық пен еш бітпейтін нәпсәни қалаулар.  
  2. Жер астындағы ең көп нәрсе – әттегенелер мен ащы өкініштер, зар-мұңдар.
  3. Көк жүзіндегі ең көп нәрсе – «Аршы-аъләя» (Ұлы Аршқа) көтерілген ізгі амалдар, - деп сауалының негізгі жауаптарын баяндап беріпті.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды, 

ummet.kz


Бөлісу: