21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мына дұғаны оқыған адам ешбір жамандыққа ұшырамайды

Ғибратнама
Жарнама

Алла Тағала сізді сынаса – үніңізді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе – жауап бергісі келгені.  Қиындықтағы мұсылманның ең бірінші амалы – дұға жасау. Ендеше, кездескен қиындықтарыңызды дұға деген қарумен жеңіп шығыңыз. Ал мына дұғаны оқыған адам ешбір жамандыққа ұшырамайды.

«Бисмилләһилләзи лә ядурру ма‘асмиһи шәй'ун фил-ардый уә лә фис-сәмәә'й уә һуәссәмии‘уль ‘алиим. ..» (3-рет)

«Есімі аталғанда жердегі және көктегі ешбір нәрсе зиянын тигізе алмайтын Алланың атымен! Ол – бәрін Естуші һәм бәрін Білуші!»

بِسْمِ اللَّهِ الَّذِي لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

Жалпы сал ауруы немесе өзге де сырқат түрлері белгілі бір себептен кез-келген адамның басына келуі әбден мүмкін. Мәселен, жүрегі ауыратын адамның қан тамырларында пайда болған ақау әлгі адамның ми қызметінің бір бөлігін істен шығарды делік. Осының нәтижесінде дененің бір қапталы сал болып қалады. Дұғада айтылған «филардый» (жердегі) сөзі осыны меңзесе керек. Мұндай жағдай бола қалғанда себеп-салдар заңдылығын басшылыққа алып, міндетті түрде аурудың шығу себептерін медициналық тұрғыдан анықтап, емделу қажет. Бұлай жасамаған адам себеп-салдар заңдылығына немқұрайлы қарап, үлкен қателікке ұрынады. Сонымен қатар, адамға жабысатын аурулардың кейбірі ешбір себепсіз, тікелей жазмыштан келуі мүмкін. Дұғада айтылған «фис-сәмәәй» (көктегі) сөзі осыны меңзесе керек. Мұндайда адам себепсізден себепсіз, кенеттен сал болып қалып жатады. Екі жағдайда да адамға бір Аллаға сиыну керек. Өйткені, себепті де, салдарды да жарататын – бір Алла. Осы тұрғыдан аурудың себебін медициналық тұрғыдан анықтап, емделген күннің өзінде, шипаны тек Алладан тілеу – ең дұрысы.

ummet.kz

Бөлісу: