20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?

Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?

Дәстүр даналығы
Жарнама

Ер баланы сүндетке отырғызу  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті.  Бұл жөнінде хадисте: Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды», - деген. (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони). Әбу Һұрайра (р.а.) жеткізген хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ алуды  атаған.

Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?

Жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынадай нақты пайдасы барын дәлелдеді:

  • Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
  • Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары.
  • Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары;

Ғалымдар «қара» құрлықтан кейбір нақты мысалдар келтіреді. Мәселен, Кения мен Замбияда ұл балалардың 10-30 пайызы ғана сүндетке отырғызылады. Ал ВИЧ инфекцияларын тасымалдаушылар саны олардың халқының төрттен бірін құрайды. Ал сол Африканың әр баланы сүндетке отырғызатын Камерун, Бенин сияқты өзге елдердегі АҚТҚ (ВИЧ) ауруының таралуы алты пайыздан артпайды.

Өткен ғасырдың басында Еуропа елдерi санасында баланы сүндеттеуге қатысты төмендегiдей түсiнiк қалыптасты: «Бұл – мұсылмандар мен иаһидилерге  ғана тән дiни мiндет. Оның өзге дiн өкiлдерiне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда ғана қолданылған. Бүгiнгiдей гигиенаны сақтау мүмкiндiктерi жоғары кезде оның қажетi жоқ. Ол құмарлықты тежейдi. Балаға ауыр тиедi». Мұны «айғайлап» айтқандардың қатарында, әрине, АҚШ- та болды. Сөйткен Америка кiшi Буш билiк құрып тұрған кезде сүндеттеудiң СПИД, ВИЧ секiлдi қатерлi кеселдердiң алдын алу үшiн маңызы зор екендiгiн  мойындады. Мойындау емей немене, Африка елдерiнде өршiп тұрған дерттiң алдын алу үшiн ондағы ер адамдарды сүндеттеуге өз қоржындарынан 15 млрд. доллар бөлсе. Мiне, парадокс! Буш былай тұрсын, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өзi бұл рәсiмнiң адам денсаулығы үшiн жан-жақты маңызға ие екендiгiне  келісті. Африкада жүргiзiлген зерттеу жұмыстары сүндетке отырғызу арқылы қатерлi дерттiң 60 пайызға азайғанын көрсеттi. Бұл туралы ұйымның маманы Тегест Герман 2007 жылы Женевада жасаған баяндамасында атап көрсетті.

Аустриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «ЖҚТБ-ға (СПИД) шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені ЖҚТБ вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұшын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүретін көрінеді.

Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін  айтып, дабыл қағуда.

Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, іріңді микроб, жыныстық жіңішке ауруының микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса қажет. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл атқарады. Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.

Сүндетке отырғызу Исламға тән үрдіс-амал. Хадисте: «Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет» (Табарони) делінген. Ал Бұхариден келген хадисте хазреті Ибраһим (а.с.) пайғамбардың 80 жасында сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) өзін балтамен сүндеттегені айтылады.  Сондықтан сүндеттелмеген бауырларымыз қанша жасқа келсе де қысылып-қымтырылмай  бұл шаруаны ертерек іске  асырғаны  жақсы. Өйткені, бұл денсаулық үшін пайдалы.

ummet.kz

Бөлісу: