Зәйтүн – Құран Кәрімде аты аталған қасиетті жеміс. Алла Тағала «Тин» сүресінде онымен ант етіп:
«Інжірге және зәйтүнге серт! Синай тауына серт! Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шахарға серт! Шүбәсіз, біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық» (Тин 1-4) деген. Жалпы зәйтүн мен оның ағашы туралы Құранның жеті жерінде зікір етіледі.