22
Жұма,
Қараша

һижри

Құрма жайлы не білеміз?

Дін және ғылым
Жарнама

Құрма – пальма ағашында өсетін жемістерден. Ол тағамдық құндылыққа өте бай, басқа жемістерге қарағанда құрамындағы мол шекерімен ерекшеленеді.  Оның бұл қасиетін адамдар ежелден білген. Бүгін де құрма ең көп сұраныстағы жемістердің бірі.

 

Құрғақ құрма жемісі адам денесіне пайдасы мен маңызы зор. Ол иммунитетті нығайтатын, түрлі аурулардың алдын алатын элементтер мен дәрумендерді қамтиды. Бұл элементтерді атап айтсақ, олар: темір, фосфор, күкірт, калий, марганец, хлор, мыс, кальций және т.б. Сонымен қатар көмірсу, май, су, әрі минералды тұздарды, ал дәрумендерден А, В1, В2 және С дәрумендерін қамтиды.

Құрманың көптеген пайдасы бар екенін айтқанбыз, ал енді сол пайдаларының бірерін атап айтсақ:

  • Таңертеңмен 3-7 дана құрманы жеу қан айналымындағы шекер мөлшерін жүйелейді
  • Адамның тәбетін туралап, азайтады
  • Іштің өтуі мен оның ауруын бәсеңдетуде қолданылады
  • Анимияға қарсы қолданады, себебі құрманың бойында темір көп
  • Адамның сергектігін арттырады, асқорыту процесін жақсартады
  • Жүйке жүйесіне пайдалы, себебі құрманың құрамы калий, магний, натрий, фосфор, темір және калций сынды элементтерге бай
  • Әйел адамға жеңіл босануы үшін беріледі. Себебі құрмада питоцин гармоны бар. Ол толғақтың ауыртпалығын бәсеңдетеді
  • Ревматизм ауруынан туындаған ісіктерді басады
  • Құрманы қолданып тұру ішектің қатерлі ісігінің алдын алады
  • Құрма бұлшық еттер мен жүйкені қуаттайды
  • Көздің ылғалдылығын реттеп, көруді жақсартады, сонымен қатар естуді де жақсартады
  • Қуықтың қабынып ауруына (цистит) қарсы қолданылады, бауыр мен бүйректің тазалануына әсерін тигізеді
  • Мазасыздық пен жалқаулықты кетіреді
  • Мидың жұмыс істеуін белсеңдетеді, себебі құрма бойында фосфор қамтылған, фосфор өз кезегінде адамның жыныстық қабілетін де күшейтетінімен белгілі
  • Құрма иммунитетті күшейтеді
  • Емізулі баласы бар әйелдер үшін сүттің мол бөлінуіне ықпал етеді.

Міне, осылайша құрма жемісі ең пайдалы жемістердің бірі болып табылады. Тағамдық құндылыққа өте бай болғанынан болса керек, бұл жеміс Құранда да зікір етілген, әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен де орын алған.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай деді:

وَالنَّخْلَ بَاسِقَاتٍ لَّهَا طَلْعٌ نَّضِيدٌ

«Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік» (Қаф 10)

وَهُزِّي إِلَيْكِ بِجِذْعِ النَّخْلَةِ تُسَاقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا

«Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкі. Саған жас құрма түседі» (Мәриәм 25)

Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде мынаны айтты:

مَنْ تَصَبَّحَ كُلَّ يَوْمٍ سَبْعَ تَمَرَاتٍ عَجْوَةً ، لَمْ يَضُرَّهُ فِي ذَلِكَ اليَوْمِ سُمٌّ وَلاَ سِحْرٌ

«Кімде-кім әр таңын жеті «ажуа» құрмасымен аттырса (жесе), онда оған ол күні у да, сиқыр да жуымайды» (Буғари)

إِذَا أَفْطَرَ أَحَدُكُمْ فَلْيُفْطِرْ عَلَى تَمْرٍ فَإِنَّهُ بَرَكَةٌ ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيُفْطِرْ عَلَى مَاءٍ ، فَإِنَّهُ طَهُورٌ

«Егер қайсыбірің ауыз ашса құрмамен ашсын, себебі ол береке, ал егер таппаса сумен ашсын, себебі ол таза» (Ахмад, Тирмизи)

Ummet.kz

Бөлісу: