Мал бауыздағанда «бисмил-лаһи Аллаһу акбар» деп, өндіршек пенен жұтқынның екі арасынан бауыздайды.
Түйені өндіршектен бауыздайды. Бауыздағанда өңеш, кеңірдек, екі күре – төртеуін қияды. Үшеуі қиылса адал, екеуі қиылса арам болады. Жұлынды жаны бар күнінде қимайды. Онда мәкүрік болады. Жұтқын кеуде жақта қалса да мәкүрік болады. Бауыздаудың шарты «бисмил-лаһи» айтпақ күре тамырды қимақ өндіршек пенен жұтқын арасынан бауыздамақ. Соны білсе ұрғашының, баланың бауыздағаны бәрі адал. Бауыздауын құбылаға қаратқан жақсы. Бірақ қаратпаса да адал болады. Бір хайуан құдықта, яки бір киын жерде болып, бауыздауға қолы жетпей, яки бауыздауы табылмаса – қай жерінен болса да найза, яки балта сықылды бір нәрсеменен жара алғанда «бисмил-лаһи Аллаһу акбар» деп жара алса, сол жарадан өлерлік қылса, ол мал адал болады. Оған адал малдың боқ-сідігі, бауыздау қаны, қамшысы, ені, сарыпайы менен көтен ауыз жатыры, от, қуық, қара бездер – бұлардың бәрі арам болады. Жұлын, ми, тірі малдың аузы, талақ – бұлар мәкүрік. Басты үйткенде езуін тіліп үйтіп, яки тісін қағып, тістің түбіндегі жынды тазалау керек және ішек-қарын, жұмыршақтарды қатты ескеріп тазалау керек. Қозыдан шыққан мәйек жуып алса адал.
Ұрлық еті не қылып бауыздаса да арам. Оның себебі: «бисмиллаһи Аллаһу акбар» деп бауыздаса, арамға «бис-мил-лаһ» айтқан соң өзі кәпір болады. Мұсылманнан кәпір болғанның бауыздағаны арам. Егерде бисмиллаһи айтпаса, онда да арам. Біреуге бауыздатса, арам малды адал деп бауыздатқан сықылды – онда да арам. Осы ұрлық малын бисмил-лаһи деп бауыздаса да кәпір болмайды деп Ғақаиз кітабының шархына шарх жазған Рамазан әфенді деген кісі айтқан екен, оның сөзі нашар көрінеді, себебі арамлығына арам ми айрихиге бисмил-лаһи айтқан кісі кәпір болмайды дейді. Арам катғийй ли айрихині мәкүрік есебіне кіргізген болады. Аятта арам деген нәрсені адал деген аятқа нанбаған болады. Бұл туралы бұл кітапшаға сыйғыза алмаспыз. Хадми рахматул-лаһи ғалайһинің «Риса-ла бисмил-лаһи» деген кітабынан қараңыз, арам болады да, бисмил-лаһи айтқан кісі болады – уал-лаһу ағлам.
Шегіртке менен балықты бауыздамай-ақ жей береді. Буаз малдың ішінен шыққан баласы тірі шығып, бауыздалса, адал болады «бисмил-лаһименен. Егерде өліп шықса, арам болады. Енесін бауыздаған баласына бауыздау болмайды.
Шәкерім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» атты кітабынан алынды