19
Жұма,
Сәуір

һижри

Құранды оқып болғаннан кейін «садақа Аллаһу әл-‘Азим» деу дұрыс па?

Күдікпен күрес
Жарнама

Сұрақ: Құранды оқып болғаннан кейін «садақа Аллаһу әл-‘Азим» деу дұрыс па?

Жауап: «садақа Аллаһу әл-‘Азим», яғни «Ұлы Алла шын айтты» деген сөзге келсек,оны Құран оқып болғаннан кейін айтқанда тұрған әбес ешнәрсе жоқ, біреулердің айтып жүргеніндей бидғат емес. Себебі оған тыйым салынғаны туралы дерек жоқ. Әрі ол исламның жалпы қағидаларына қайшы келмейді. Онымен қоса, Алла Тағала бұл сөзді Қасиетті Құранында келтіріп:

قُلْ صَدَقَ اللَّهُ ۗ فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ

«Алла шын айтты, ал онда бір бағыттағы Ибрахим (а.с.) ның жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді» деп айт,»–дейді. (Әли Имран 95)

Және де алғашқы буын мұсылмандары Құранның оқылғанын естісе «Алла шын айтты,»–дейтін болған.

Ең турасын Алла біледі.

(Материял «әл-Бидъа фил-мафһум әл-ислами әд-дақиқ» кітабынан қысқартылған күйде алынды)

Бөлісу: