21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Сананы улаған өзге ағымдар

Күдікпен күрес
Жарнама

Қазіргі таңда ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Қоғамдағы түрлі түйткіл осындай жағдайға әкелген. Бұл жерде мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Дәрігер мамандар ұлтымызға жат ағымдар пайдаланатын амал-тәсілдердің адам психикасына теріс әсері барын, тіпті кейбір жағдайда олар адамды жындыханадан бір-ақ шығаратынын немесе өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратындығын растап отыр. Осыдан кейін ата-ана сыртта жүрген баласына қалай алаң болмасын?

Еліміздің ата заңында ар-ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда қалыптасқан еліміздегі діни ахуал заңдық жағынан болсын, діни сауаттылық тұрғысынан болсын біраз шараларды қабылдау керектігін дәлелдеді деуге болады. Осы орайда жастардың құқықтық және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шаралар көп. Олай болатыны, қазіргі дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдардың негізгі назары жастарға бағытталып, олардың қатарын көбінесе жастар толтырып отыр. Қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Мәселен, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі.

Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізе бастады деуге болады. Мұның себебі, бір ұлт өкілдерінің әртүрлі діни нанымда болуы ұлттық тұтастықты, тіпті бара-бара елдік тұтастықты сақтауға оразан зор қауіп төндіреді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өздерінің нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария түрде жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, астарлы түрде көптеген жұмыстарды атқарады. Оған қазіргі тіл үйрету курстарының, қайырымдылық қорларының көбейіп кетуі, сол арқылы өздеріне жақтастарды тауып жатқандығы куә. Сонымен қатар, заман талабына сай оқу орындарын құру, сол арқылы өздері қалаған мамандар мен адамдарды даярлап шығу да миссионерлердің батыл қолданатын тәсілі болып табылады. Яғни, Қазақстан территориясында да жеке оқу орындарының қатарында осы мақсатта жұмыс істеп жатқардары баршылық.

Бәрінен қорқыныштысы – «рухани аждаһалардың» мектеп қабырғасындағы талдырмаштай балақандарға қол салуы. Онда «жасөспірімдерді арбағандар қатарында салафит, уахабизм сияқты діни бірлестіктер мен протестанттық ілімдер де бар. Психологтардың айтуынша, діни ағым арбауынан айығу үшін бір адамға кем дегенде екі жыл қажет екен. Онда да бөтен ілімге әлі терең бойламағандар үшін. Ал сана-сезіміне билік жүргізуден айырылғандар сол пір тұтқан жамағаттың құлына айналды дей беріңіз. Бірақ психологтар ешқашан қол жайып, үміттен күдер үзуге болмайтынын ескертеді. Мамандар мұндай жағдайда жатақтың жетегіне кеткенді кері қайтара алатындардың бірі ең жақын адамдары екенін айтады.

Ғаламдану заманындағы басты қатер – ашық-шашықтығымыз. Осы ұрымтал тұсты пайдаланушы мысық тілеу миссионерлер ұлтымызға жақын ислам діні атын жамылып кез келген бағыт бойынша, соның ішінде ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда. Бірақ бірер жыл бұрын «Еліміздегі жастардың 60 пайызы (!) түрлі діни ағымдардың жетегінде жүр» деген мәліметтерде пайда болды. 60 пайыз – айтарлықтай қомақты көлем, бұл жастарымыздың тең жартысынан көбісі деген сөз. Ал санасы бөтен пиғылдылардың ықпалымен әбден уланған жастан не күтуге болады?... Ұлт болашағын ойлаған ұраншыл жастар ұлы жолдан адаспаса игі еді...

Гүлжайна Алтынбекова

 

Бөлісу: