24
Сенбі, Тамыз

һижри

Уахи – араб тілінде сыбырлау, құпия түрде жылдам хабар беру, жасырын белгі беру, ишара ету, ымдау деген мағыналарды береді.

Ал шариғаттағы мағынасына келер болсақ, Уахи – Жаратушының адамзат баласын тура жолға бастау үшін пайғамбарларына берген нұсқаулығы.

Уахи түсінігі түрлі діндерде әрқилы сипатталған. Кейбір бұрмаланған діндерде уахи исламдағы уахи ақиқатынан өзгеше түсіндіріледі.

Ислам діні адамдарға ой пікір мен сөз бостандығын бере отырып дін мен мемлекет, қоғам мен жеке тұлға мүдделерін сақтау мақсатында кейбір шектеулер қойған. Алайда кейбір адамдар осы шектеулерден шығып, нәтижеде қарабайыр халықтың санасын сан жаққа жүгіртуде. Оның ішінде Алланың Кітабы мен пайғамбар сүннетінен бейхабар, шариғи білімі жоқ немесе діни танымы таяз адамдардың дін турасында ой айтып тіпті кей кезде пәтуа шығаруы көңілге қаяу түсіреді.

Бір күні үйінде ішер асы жоқ бір кедей адам пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) азын-аулақ қаражат сұрап келеді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сенің үйіңде ешнәрсе жоқ па еді?» – деді. Ол: «Уа, Алланың елшісі, менде жамылғыдан басқа ештеңе жоқ, оның жартысымен төсенеміз, жартысымен жамыламыз. Әрі менде су ішетін ыдыс қана бар»,– деген. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Сол екеуін алып кел»,– дейді. Ол алып келеді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кім бұл екеуін сатып алады?» – деп сұрайды, сол кезде бір кісі: «Мен оларды бір дирхамға сатып аламын»,– дейді.

Бұл күні елдің аузында жүрген хижаб деген не? Әуелі, соның мән мағынасын біліп алсақ.

Хижаб  негізінде  Құран сөзі. Яғни, қасиетті сөз. Олай болса, өзін мұсылман санайтын адамның хижаб сөзін аузына алудан сақтанудың да  оған үрке қараудың  да еш жөні жоқ. Ал, оның  нақты мағынасына келсек, ол Құран кәрімдегі бірқатар сүрелерде айтылған. Мәселен, «Ағраф» сүресінде жұмақтықтар, тозақтықтар және екеуінің ортасында қайда барары белгісіз ортада қалған топтар туралы  сөз болады.  Олар  алыстан  тілдессе де бірін-бірі көре алмайды. Себебі, екі жақтың ортасында  хижаб барлығы айтылады.  Мұнда хижаб  перде, шымылдық  мағынасында қолданылған.

Қазақ көркем мінезді кісіні көрсе, «мінезге бай кісі екен» дейді. Яғни, мінез адамзаттың рухани байлығы екендігін меңзейді. Біз бүгінгі сұхбат барысында күллі адамзатты тәнті еткен ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінезді кімнен үйренді, мүмін мұсылманның бойындағы көркем мінез қалай қалыптасады деген сауалдар төңірегінде белгілі исламтанушы, ғалым Алау Әділбаевпен аз-кем әңгімелескен едік.