Құранда Алла Тағала:«Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым. Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын» дейді.(«Зәрият» сүресі, 56-57 аяттар).
Атқа мінудің балаға берер пайдасы
Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың келесі түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атқа мініп шабуды да балаларға үйретуді насихаттайды. Тіпті оны көңілді сейілтетін жаттығу ретінде күндегі жаттығулардың арасына қосуды айтқан.
Пайғамбарымыз (ﷺ) мынадай адамдардың жанында отырудан бас тартқан
Туыстық қарым-қатынас және оны сақтау өзінің маңыздылығы бойынша Жаратушыға құлшылық ету және ата-анаға жақсылық жасаудан кейінгі 3-ші орында тұрады.
Ақылды әйел ерінен талап етпейтін 7 нәрсе
Көптеген әйел ерлерді өз алдында міндетті деп біледі. Нәтижесінде мұндай қатынас арадағы сенім мен сыйластық отын сөндіреді. Нәзік жандылар қателігін түсінгенде, өкінішке орай, кеш болып жатады. Бұл ретте сұлулардың өзінің емес, өзгенің қателігінен сабақ алу үшін, дана әйелдер еріне қоймайтын 7 талап қатарын ұсынамыз.
Ер адамдар үшін ең ауыр сынақ осы
«Артыма ер адамдар үшін әйел затынан өткен жаман сынақ қалдырған емеспін» (Усама ибн Зәйд р.а. жеткізген, Бұхари, Никах 17.Муслим,Зикр 97)
Құдайдан қорқып намаз оқыған – балалары үшін қорықпасын
Қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді. Құдайдан қорқып жатқан балалары үшін қорықпасын.
Жұбайымызбен арамызда сүйіспеншілік жоғалса не істейміз?
Жаратушы иеміздің: «Жақсы қарым-қатынаста болыңдар, дұшпандықтарыңды сүйіспеншілікке айналдырам» деген уәдесі бар. Қандай керемет уәде!
Басыңыздан қандай қиыншылық өтсе де, оны отбасылық өмірге араластырмай, барлығын санаңыздан өшіріп, бүгіннен кейінгі өміріңізге тап-таза жаңадан бет ашыңыз. Жұбайыңыздың бұған дейінгі барлық қателік, кемшіліктерін кешіріңіз. Мұны оған білдірмей-ақ іштей жасаңыз. «Кешірдім» дегенді сырттай айтып, «қателік сенде» дегендей теріс түсінік пайда болуына жол бермеген жөн. Іштей кешіріңіз де қойыңыз.
Өз қателіктеріңіз үшін жұбайыңыздан кешірім сұрауды ұмытпаңыз.
Кешірім сұраудың ең нәзік жері – алдымыздағы кісіні кінәламастан кешірім сұрау. «Мен осындай қателік жібердім, бірақ сен сөйттің, мен сол үшін осыны жасауға мәжбүр болдым» , «Мен солай айттым, себебі, сенің туысқандарың маған былай жасады, мен сондықтан осылай жауап қайтардым» т.с.с отбасы мүшелерімен болған жағдайды қазбалау – тек қана жаңа ұрыс-керіс пен реніштен басқа ештеңе әкелмейді. Дұрысы, ешкімге кінә тақпастан кешірім сұраңыз. Осы орайда, «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің, өркөкірек болғанмен ұлылыққа жетпейсің» деген даналарымыздың сөзін есіңізде сақтағайсыз. Сіз кешірім сұрадым екен деп, жұбайыңыздың да бірден кешірім сұрауын күтпеңіз. Өзіңіз шын ықыласпен кешірім сұрасаңыз болғаны.
Әйел мен еркектің кешірім сұрау тәсілі бір-біріне ұқсамайды. Әйелдер – сезімтал жандар, кешірім сұрағанда сезімге әсер ететін сөздерді таңдайды. Ер адамдардың психологиясында кешірім сұрау әлсіздік сияқты қабылданғандықтан, олар кешірім сұрау орнына өкінгендерін іс-әрекеттерімен көрсетуді таңдайды. Кешірім сұраса да, құрғақ сөздермен және түк болмағандай, әдеттегі нәрсе айтып тұрғандай мінез көрсетеді. Бұл әрекет әйелдерді қанағаттандырмауы мүмкін. Әйелдер өздері сияқты нәзік сөздерге толы сезімге әсер ететін кешірімді күтеді. Күткендерін ести алмағандықтан, болмашыға ренжиді. Сондықтан әйелдер ерлерінің өзіне деген қарым-қатынасын дұрыс түсінуге тырысуы керек.
ummet.kz
Жақсы ер мына нәрселерді жасамайды
Ер азамат– отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Отбасылық өмірде әйел мына нәрселерден қашқаны жөн:
Пайғамбардың (ﷺ) үйленуге байланысты өсиеттері
Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал етпесе, ол менен емес. Сондықтан да үйленіңдер, мен Қиямет күні басқа үмбеттерге сендердің көптіктеріңмен мақтанайын», – деген.
Жақсы ана болудың алтын қағидалары
Әрбір әйел жақсы отана, адал жар, ең бастысы тамаша ана болғысы келеді. Бірақ күнделікті қарабайыр тірлікпен біз кез келген әйелді нағыз ана деген атқа лайық ететін қарапайым нәрселерді ұмыт қалдырып жатамыз.