27
Сенбі,
Шілде

һижри

Ер адамды бақытты ететін үш міндет

Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Мұсылман ердің алдында некелескен әйелін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде, некелескенде мәһрын төлеу, баспанамен қамтамасыз ету және тамақтандыру мен киіндіру секілді негізгі үш міндеті бар.

Ерлі-зайыптылардың оразасы

Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман халқы бес парыздың бірі – ауыз бекітіп, ораза ұстау арқылы рухани тазарады. Жаман әдеттерден тыйылу, нәпсіні тежеу арқылы жақсылыққа жақындайды. Ораза ұстау – адамның өзін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін ең бір ғажап уақыт.

Салиқалы әйел – қазына

Аса Рақымды Алланың атымен бастаймын. Алла Тағала күллі әлемді жаратқан. Ер мен әйелді көркем түрінде жаратқан. Жаратылысына қарай ер кісі күшті әрі отбасыны қамтамас ететіндей жаратқан, ал әйел кісіні нәзік әрі әлсіз етіп жаратқан.

Ер мен әйелге ең бірінші жәрдем — Алладан

Бізге Алла Тағала ерлі-зайыпты екі жасқа олардың отау көтерудегі мақсатын айқындап берген: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен» («Рум» сүресі, 21-аят).

Әйелдердің Рамазан айына дайындығы

Шағбан айы аяқталып, сағындырған қасиетті Рамазан айының келуіне де санаулы күндер қалды. Жылына бір рет келетін үлкен мүмкіндік айын құр жіберіп алмай, сауапты өткізудің қамын бірге қарастырып көрейік.

Туыстарды зиярат жасау: оған пайда ма, өзімізге ме?

Туыстық байланысты мықты тұту олардың хал-ахуалын сұрау арқылы, оларды жалғыз емес екенін сездіретіндей деңгейде зиярат жасау арқылы жүзеге асады.

Толыққанды отбасы қалай сақталады?

Екі жол айрығы, екі бөлек өмір үйлену арқылы тоғысады. Осы бас қосуда көптеген дұғалар жасалып, ақ тілектер айтылады.

Әйел көркем мінезді болса, қаттыны жұмсақ етеді

Адам баласын өзі секілді қос аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі. Жақсы мінез – жан көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өзі құрмет көрсеткен әйел

Хадиша анамыз – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ақылды, әділ, сенімді, аманатқа берік турашыл мінезіне қарап, оған өзін жар болуға ұсынған ақылды әйел.

Жар таңдауда ескерілмей қалатын дүние

Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі –  «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.

Олар хор қыздарынан да сұлу болады

Жәннат мекені жайлы қасиетті Құранда: «Раббыларыңның құзырында олардың (мүміндердің) сыйлары – ішінде мәңгі бақи қалатын, астарынан өзендер ағатын Адын (бейішінің) бақтары. Алла оларға разы әрі олар да Одан (Алладан) разы. Осы (сый) – Раббысынан қорыққан жан үшін», – деп баяндайды («Бәйинә» сүресі, 6-аят).