09
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Ерлі-зайыптыларды Жәннатқа жетелейтін пікір

Өткен заманда Асмай деген кісі сапарға шығыпты. Шөл далада кетіп бара жатып бір шатырды көреді. Лашықтың алдында отағасы мен жұбайы отыр екен.

Балаңыз төрт жасқа толғанда мынаны ескеріңіз

Бұл жаста бала талап-тілектерінің дер кезінде орындалмағанына түсіністікпен қарауға үйрене бастайды. Қоршаған ортаның белгілі бір тәртібі барын аңғарып, соған қарай бейімделе түседі. Өзіне бір-екі дос табады. Тек өзінің айтқандары емес, басқалардың да айтқандарының болатынын түсіне бастайды. Кезек күтуді, бөлісуді, басқаларға жол беруді үйренеді.

Ажырасу және оның себептері: Әлеуметтік жағдай

Отау көтеру адам өміріндегі ең қуанышты сəт. Өйткені отбасылық өмір осы дүниеде ғана емес, арғы дүниеде де жалғасын таппақ. Бір өкініштісі сол, адам баласы өткінші сынақтарға сабырсыздық танытып Алла ұнатпайтын ажырасуға барып жатады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Алла тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу» деп мұның оңды іс емес екенін айтқан.

Отбасында еркектер көңіл бөлуі қажет мәселелер

Ер азамат үйленуге шешім қабылдаған кезде ең алдымен өзін және өз мойнына алған бала-шағасын адал киіндіріп, тамақтандыратындай табыс көзіне мұқтаж. Өйткені асыл дініміз отбасының күнкөрісін қамтамасыз ету міндетін еркектің мойнына артып қойған әрі арнайы соған байланысты оның мұрагерліктегі үлесін артығырақ етіп белгілеп қойған.

Бала тәрбиесі: Аурудың алдын алу шаралары

Баланың денсаулығын сақтау – ата-аналық міндеттердің бірі. Ал оның денсаулығын сақтау шараларының бірі – аурудың алдын алу арқылы жүзеге асады. Аурудың алдын алу жоғарыда айтып өткен денені шынықтыру, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс қоректенуге байланысты. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың денсаулықты сақтау үшін айтқан келесі өсиеттері де өте маңызды.

Отбасында әйелдер көңіл бөлуі қажет мәселелер

Бәрінен бұрын, әйелдер бәріміздің жаратылысымыздың қажеттілігі ретінде құлшылық пен тақуалыққа көңіл бөлулері қажет. Бұл тұрғыда намаз бен ораза сияқты ғибадаттарға көңіл бөлумен қатар, халал мен харамға мұқият назар аударулары қажет.

Қандай әйелдерге үйленуге болмайды?

Отау құрар жастар үйленуді бір күндік мереке деп түсінбей, қасиетті шаңырақтың құдіретін танып, өмірлік маңызды қадам жасамас бұрын алдын ала дайындалуы қажет. Себебі, отбасылық өмір адамның жас шағынан дәм-тұзы таусылар уақыт аралығын қамтитын маңызды ғұмырлық өлшем. Бірде күрделі, бірде қоңыр салқын, енді бірде аспаны ашық болатын осы ұзақ жылдарды әркім-ақ жайлы жармен өткізуді көксейді. Жар таңдауда да жаңылысып, бармақ тістейтіндер көп. Сондықтан кез келген адам өмірлік серікті таңдауда мына мәселелерді білуі керек.

Балаға жынысына сай тәрбие беру дегеніміз не?

Жыныстық тәрбиені Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бала туыла салысымен-ақ бастаған, бала туыла салысымен жынысына сай киіндіруді жөн санаған. Мұның өзі баланың өсе келе өзінің жынысына сай қасиеттерге бейімделуінде маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Отбасы салттары: Жеті ата сақтау дәстүрі

Қасиетті  Құранның  «Ниса»  сүресінің  23-аятында  үйленуге  харам  етілген  әйелдер  туралы  ашық баяндалған. Ислам  тарихында  екінші  халифа  Омар  ибн  Хаттаб  (р.а)  жақын  туысқандарына  үйленуді  әдетке айналдырған  Бәни  Сәйбтерге:  «Аурушаң  (кем-кетік туылу) болып, ұсақталып кеттіңдер.

«Баламыз болса, сірә, ажыраспас едік»

«Босағасын алтыннан соқсаң дағы, бала сүймей адамның мейірі қанбаған». Үй ішінен нәрестенің күлкісі шықпауы, бесіктің тербелмеуі мен ойыншықтың сылдыры естілмеуі отбасы үшін үлкен қасірет.

Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады. 

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады.