Сүйіспеншілік пен махаббатты сақтап қалуға тырысқан ерлі-зайыптылар соған сай әрекет жасап, еңбектене жүрумен қатар, мына дұғаны айтып, Алладан жәрдем тілей жүргені жақсы.
Дұғаның оқылуы:
Раббә-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри-иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттәқии-нәә имәәмәә.
***
Мағынасы:
Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!
Бұл дұға қасиетті Құрандағы «Фұрқан» сүресінің 74-аятында айтылған.
Денеміз жасушалардан құралғандай, кез-келген мемлекет отбасылардан тұрады. Отбасылардың беріктігі – отанымыздың беріктігі! Ендеше, қазақтың еш шаңырағы шайқалмасын, әр ордасы бақыт пен шаттыққа толы болсын деп тілейміз.
ummet.kz