22
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Олар хор қыздарынан да сұлу болады

Олар хор қыздарынан да сұлу болады

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жәннат мекені жайлы қасиетті Құранда: «Раббыларыңның құзырында олардың (мүміндердің) сыйлары – ішінде мәңгі бақи қалатын, астарынан өзендер ағатын Адын (бейішінің) бақтары. Алла оларға разы әрі олар да Одан (Алладан) разы. Осы (сый) – Раббысынан қорыққан жан үшін», – деп баяндайды («Бәйинә» сүресі, 6-аят).

Бұл өмірде уақыт өткен сайын қартайып, қауқарымыз кетіп, жүзімізден әр тая беретін болса, ал Жәннатта керісінше, күн өткен сайын сұлулық та арта бермек! Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадисте: «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендері үшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады»; «Мына дүниенің салиқалы әйелдері, хор қыздарынан жетпіс мың есе артық болады», – делінеді (Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен).

Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Жәннатта бір базар бар (мұнда «базар» деп, олар жиналатын мәжіліс орны меңзелген). Оған (Жәннаттықтар) әр жұмада келеді (яғни, олар бұл орынға әр жұманың, яғни аптаның шамасында жиналады. Өйткені Жәннатта күн және түн мен күндіз болмағандықтан, апта есебі де болмайды).Сонда солтүстіктің самалы есіп, олардың жүзі мен киімдеріне шашады (яғни, бұл жел жәннаттықтардың жүзі мен киімдеріне жаннаттың жеріндегі мискті және т.б. игіліктерді шашады) да, олардың көркі мен сұлулығы артады. Сөйтіп олардың көркі мен сұлулығы артып, үйлеріне қайтқанда, оларға әйелдері: «Алламен ант етейік, бізден (кеткендеріңнен) кейін көріктерің мен сұлулықтарың артыпты ғой!» – дейді. (Еркектер де оларға): «Сендер де, Алламен ант етейік, біз (кеткеннен) кейін көріктерің мен сұлулықтарың артыпты!» – деп айтады», – деген (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: