«Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларына:
«Ешбірің бөтен әйелдер отырған жерге (үйге немесе бөлмеге) кірмеңдер», – деп ескертті. Ансарлардың бірі: «Уа, Алланың елшісі! Қайын ағасы немесе інілерімен оңаша қалуына қалай қарайсыз?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Қайын ағасы немесе інілерімен оңаша қалу әйел үшін өліммен тең», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, никах 111; Муслим, сәләм 20).
Негізінен, шариғат бойынша ер адамға ет жақыны болмаған әйелдермен бір үйде, бөлмеде немесе көпшіліктің көзінен таса жерде оңаша қалуына қатаң тыйым салынады. Бұл хадисті ер мен әйел оңаша қалғанда шайтан олардың арасына уәсуәса (жаман ой салып, азғырып) салуы мүмкін, сондықтан күнәлі істерден, қоғамдағы бүліншіліктен сақтандыру деп түсінген дұрыс.
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz