22
Жұма,
Қараша

һижри

Бауырластық қатынасты дамыту туралы бұйрық

Бауырластық қатынасты дамыту туралы бұйрық

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбар (с.а.с.): «...ей, Алланың құлдары! Туысқан болыңдар», – деп, мұсылмандар арасында бауырластықты кең таратуды бұйырған.

Бұл – «өзара өшпенділіктен, бір-біріңе күншілдік етуден, бағаны өсіруден, араларыңдағы қатынасты үзуден және бір-біріңнің саудаларыңды бұзудан бас тартып, өздеріңді бір-біріңе туысқан бауыр ететін істі істеңдер, араларыңдағы туысқандық қатынасты сақтаңдар, бір-бірлеріңе сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен, қамқорлықпен, есіркеу-аяумен қатынас жасаңдар да, бір-біріңе шын жүректен жәрдем беріңдер» деген сөз. Сондайақ өздеріңнің Алланың құлдары екендеріңді ұмытпаңдар, ал құлдардың ерекшеліктерінің бірі – өздерінің Қожайынының бұйрығына бағынуы.

Сендер Алла Тағаланың дінін қуаттап-қорғауда, Ол орнатқан рәсімдерді орындауда біріне-бірі көмектесетін туыс бауырлардай болыңдар деген бұл бұйрықты жүректердің бірлігі мен берік ынтымақсыз орындау мүмкін емес. Алла Тағала: «Ол сондай (Алла) сені Өз жәрдемі және мүміндер арқылы қолдады. Және олардың жүректерінің арасын жарастырды», – деді.
Бауырмалдық қарым-қатынасты орнату үшін әрбір мұсылман басқаға қажетті деңгейде құрмет көрсетуі керек. Мысалы, сәлем беру, түшкірген кезде жақсылық тілеу, ауырған кезінде көңілін сұрау, шақырса бару, адал кеңес беру және соңғы сапарға шығарып салу.

Сый-сияпат жасау, қол алысып амандасу бауырмалдық қарым-қатынасты өзара жақсы көру мен ұнатуға ұластырады. Пайғамбар (с.а.с.): «Біріңе-бірің тарту жасаңдар, біріңді-бірің жақсы көретін боласыңдар»; «Қол алысып амандасыңдар, өйткені ол жек көрушілікті жояды және
бір-біріңе тарту жасаңдар», – деген. Хасан әл-Басри: «Қол алысып амандасу өзара сүйіспеншілікті арттырады», – деп айтқан.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: