Ислам қоғамында ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелеудің сынақтан өткен әдіс-тәсілдерін пайдаланып, ар-ұят, ұялшақтық, ұяңдық қасиеттерін қайта өркендету үшін бар күш-жігерін жұмсауға міндетті.
Оған балаларының мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бақылау, ар-ұят, ұялшақтық сияқты қастерлі қасиеттерге қайшы келетін қылықтардың бәрін түзету, оларға жақсы жора-жолдастар табуға және нашар жолдастардан аулақ болуға жәрдемдесу, балаларды пайдалы кітаптарды таңдай білуге үйрету және теледидар мен театр, кино театрлардағы өрескел, көргенсіз, дөрекі азғындық жолға бастайтын қойылымдардан алыс жүруге бағыттау кіреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізге ар-ұят, ұялшақтықта игілік пен жақсылықтан басқа ешнәрсе жоқ екенін өз өсиеттерінде айтып, көрсетеді. Демек, кімде ар-ұят, ұялшақтық қасиеттері басым болса, онда игілік те, жақсылық та көп болады.
Дініміздің заң-үкімдерін үйретуде және ақиқатты іздеу кезінде де ұялшақтық жасауға болмайды. Өйткені Алла Тағала: «...Алла, шындықтан ұялмайды», – деген.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz