Жүктілік уақыттағы «қорқыныш» барлық әйелдерге тән. Жүкті әйел, 9 ай бойы өз құрсағындағы сәбиіне ие болып жатқанын білмейді, ана болуға дайын еместей көрінеді, кішкентай өзгерістердің өзін үлкен үреймен қабылдайды.
Мұндай сәттегі ең үлкен кеңес – барлық жағдайды Алла СубханьАлла Тағалаға тапсыру. Алла Тағалаға тәуекел ету. Алла Тағаланың өзі қорғайды. Бала – Алла Тағаланың аманаты. Болашақ ана баласының алдындағы міндетін дұрыс сезінуі тиіс. Салауатты өмір салтын ұстанып, позитивті ойлар ойлап, Алла Тағаладан жеңіл босануды сұрап, көп дұға етуі керек. Аяғы ауыр әйелдің бәрінде өз-өзінен жылағысы келіп, көңіл күйінің күрт бұзылатын сәті немесе аяқ астынан қуанып, ұшып кеткісі келетін кездері де жиі болады. Кейде жүрегі айнып, құсқысы келіп, басы ауырып жатады.
Есіңізде сақтаңыз, мұның бәрі уақытша! Ең бастысы, Алладан жағдайыңыздың жеңілдеуін сұрап, дұға етуді тоқтатпаңыз. Әсіресе, бәріне белгілі мына дұғаны: «Уа Әлемдердің Жаратушысы Алла Тағала! Барлық істімізді жеңілдетіп, қайырлы, берекелі әрі жақсылықпен аяқталуын нәсіп ете көріңізші! – деп жиі қайталаңыз! Сөзсіз, Алла Тағала дүғаңызды қабыл етеді.
Болашақ ана жүктілік кезінде көп уайымдайтындықтан сабырлы болғаны абзал.
Дерт, бәлекет, жамандық, ауру, көз тию, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін мына дұғаны таңертең және кешке 3 рет оқығаны дұрыс: «Бисмилләһил-ләзи лә ядуурру ма а смиһи шәй ун фил-арди уә лә фис-сәмәә и уә һуәс-Сәмии ул Алиим!
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай деген: «Ә уузу би кәлиматилләәһит-тәәммәти мин шәрри мә халәқ». (Мағынасы: Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын). (Муслим).
материал «Жүктілік кезіндегі аят-дұғалар» кітабынан алынды,
ummet.kz