23
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Құрандағы əйел мен ердің теңдігі

Құрандағы əйел мен ердің теңдігі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алланың біріңе-біріңді артық еткен нəрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне жəне əйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тəн. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шəксіз, Алла əр нəрсені толық білуші. ("Ниса" сүресі, 32)

Еркектен немесе əйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жəннатқа кіреді. Ешқандай да əділетсіздікке ұшыратылмайды. ("Ниса" сүресі, 124)

Мүмін ерлер мен мүмін əйелдер бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла мəрхаметіне бөлейді. Расында, Алла тым үстем, аса дана. Алла мүмін ерлер мен мүмін əйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар жəне ғадын жəннатында, көркем орындар уəде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне, осы үлкен қол жетушілік. ("Тəубе" сүресі, 71-72)

Сондай мүмін ер, мүмін əйелдерді жазықсыз кейіткендер, əрине олар жала жауып, ашық күнə жүктеп алды. ("Ахзаб" сүресі, 58)

Нəтижеде Алла мұнафық ерлер мен əйелдерді жəне мүшрік ерлер мен əйелдерді азапқа салады да, мүмін ерлер мен əйелдердің тəубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ("Ахзаб" сүресі, 73)

Ер немесе əйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, əлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Əрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз. ("Нахыл" сүресі, 97)

«Раббым! Мені, əке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні жəне мүмін ерлер мен мүмін əйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр», – деді. ("Нұх" сүресі, 28)

Сұмпайы əйелдер сұмпайы ерлерге, сұмпайы ерлер сұмпайы əйелдерге сондай-ақ игі əйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі əйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау əрі көркем несібе бар. ("Нұр" сүресі, 26)

Шүбəсіз, садақа беруші ерлер мен садақа беруші əйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер (тиісті орынға мал сарып қылғандар), оларға неше есе арттырады əрі олар үшін көркем сыйлық бар. ("Хадид" сүресі, 18)

Сөз жоқ, мұсылман ерлер жəне мұсылман əйелдер, мүмін ерлер жəнемүмін əйелдер, бой ұсынушыерлержəне бой ұсынушыəйелдер, шыншыл ерлер жəне шыншыл əйелдер, сабырлы ерлер жəне сабырлы əйелдер, ықыласты ерлер жəне ықыласты əйелдер, садақа беруші ерлер жəне садақа беруші əйелдер, ораза ұстаушы ерлер жəне ораза ұстаушы əйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер жəне əйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер жəне əйелдер; Алла бұлар үшін жарылқау жəне ірі сыйлық əзірледі. Алла жəне елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер жəне мүмін əйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. ("Ахзаб" сүресі, 35-36)

Сол күні мүмін ерлер мен мүмін əйелдердің нұрлары алдарында жəне оң жақтарында жүгіргенін көресің: «Сендерге бүгін қуаныш. Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада мүлде қаласыңдар. Міне, осы – ұлы қол жеткендік» (делінеді). ("Хадид" сүресі, 12)

«Əлде кім бір жамандық істесе, сонда ол, соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал жəне ер, əйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, міне, солар жəннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді». ("Ғафыр" сүресі, 40)

материал «Құран антологиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: