Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабы тұрса дұрыс па, әлде басқа бөлмеде тұрғаны дұрыс па?
Мәліметтерге қарағанда бір кісі сахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.): «Құран кітапты әйеліммен қатынас жасайтын төсегіме қойсам бола ма?» деп сұрайды. Сонда сахаба: «Иә» деп жауап береді1.
Осы риуаяттан ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабының тұруының әбестігі жоқ екендігін түсінуге болады. Дейтұрғанмен, бірнеше бөлмесі бар жанұяда Құран кітабын ерлі-зайыптылардың жатын бөлмелеріне түнде жатарда қоймағандары әдеп тұрғысынан абзалырақ деген ойдамыз. Ал бірлі-жарым бөлмелі шағын үйлерде жатын бөлмеде тұруының әбестігі жоқ, өйткені шағын үйлерде басқа бөлмеге қою мүмкіндігі бола бермейді, бастысы белден жоғары жерде тұрғаны жөн. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1 Абдурраззақ: «әл-Мусаннаф».
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz