Шағбий (р.а.) мына хадисті Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге тастанды баланың қабіріне барып, жаназа оқыған кісіден естіпті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жаназада имамдық қылды. Адамдар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйыды (жас балалар да қатынасты). Сүлеймен (р.а.) менен: «Бұл хадисті кім айтып берген еді?»,- деп сұрады. Мен: «Ибн Аббас (р.а.)»,- дедім.
Әбу Саъид әл-Худрий (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Жұма күні ғұсыл алу - әрбір Балағат жасына жеткен адамға уәжіп (парыз)»,- деді.
Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «: «Маймунаның (нағашымдікінде) үйінде түнеп қалдым. Пайғамбарымызда (с.ғ.с.) ұйықтауға жатты. Түннің бір бөлігі өткеннен соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрып, қабырғада ілулі тұрған торсықты алып, содан соң жеңілжелпі дәрет алып, намаз оқи бастады. Мен де ол кісі сияқты дәрет алып, сол жағына барып тұрып едім, мені оң жағына өткізіп қойды. Содан соң, Алла тағала қалағанша намаз оқыды, кейін жанбастап жатты, тіпті, қорылдағаны да естілді. Біраздан кейін ол кісіні азаншы келіп шақырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтадан дәрет алмай, азаншымен бірге намазға шығып кетті.
Суфян (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көздері ұйықтағанымен, жүрегі ояу болады»,- деді.
Ғамр (р.а.): «Пайғамбарлардың көрген түстері – Алла тағаланың оларға жіберген уәхиі»,- деп: «Мен түсімде, сені Алла жолында құрбан қылып жатқан екенмін»,- деген аятты оқыды.
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz