05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Отбасы бақыты: Қайшылық табиғи нәрсе екенін естен шығарма

Отбасы бақыты: Қайшылық табиғи нәрсе екенін естен шығарма

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қайшылықтың әдеттегі нәрсе екені ерлі-зайыптылардың есінен шықпағаны жөн. Олар оны өз өмірлерінен біржолата алып тастауға шамалары жетпейді, өйткені Алла Тағала бірінде жоғын бірі толықтырсын деп, адамдардың табиғаттары мен ой өрістерін әртүрлі етіп жаратты.

Сондай-ақ тіршіліктің өзгерістері мен қажеттіліктері де өте көп, бұған ара-ласқан адамзаттың жан дүниелері мен ұмтылыстары бір-бірлеріне ұқсамайды, әркім өзін-ше әсер алады, сол себептен пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Раббысына мына дұғамен көп жалынатын: «Жүректерге билік етуші Аллам, біздің жүректері-мізді Өзіңе бағындыршы».

Бір күні Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамыздың (р.а) үйінде болады, Алла Тағала оған разы болсын. Әйелдерінің бірі пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) үшін тамақ пісіріп, қызметшісі арқылы табаққа салып жібереді. Қызметшісі Айша анамыздыкіне (р.а) тағамды алып кіргенде, тұла бойын қызғаныш билеген Айша анамыз (р.а) табақты ала сала жерге ұрып сындырады да ас жерге төгіледі. Пайғамбарымыз (алайһи ассолату уа ас-салам) жерге төгілген тағамды сынған табақтың бір бөлігіне жинай отырып күлімдеген бойы: «Тағамнан жеңдер! Аналарыңның қызғанғаны ғой, ештеңе етпейді!» - дейді. Кейін қызметшіге басқа табақты айырбастап береді. Қандай керемет тәсіл! Қандай керемет мінез! Біз әйелдерімізге осылай қараймыз ба? Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) ашу шақырып, Айша анамызға (р.а) қатты сөйледі ме, немесе қол көтерді ме? Немесе Айша анамызға (р.а) ренжіп үйден шығып кетті ме? Мұндай қылықтардың біреуін де жасамады, керісінше, жерге төгілген тағамды жинауға өзі кірісіп істі ушықтырмай жауып тастады. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ассалам) әйелдері ислам әдебінде иман кел-тіргендердің аналары деген атпен танымал болғандықтан пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамызды осы дәрежесіне сай «Аналарыңның қызғанғаны ғой» деуімен көңілін жұбатты. Мұндай қатынастан соң кез келген әйел өз қателігін түсіне қояды емес пе?

материал «Отбасы бақытына апаратын отыз жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: