18
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрметті сайтымыздың оқырмандары! "Нұр Астана" орталық мешітінде " Менің көрікті мешітім" атты үздік сурет байқауы өтіп жатыр. Байқауға қатысып жатқан "Имани жаз-2017" жазғы діни сауат ашу курсының бүлдіршін шәкірттеріне қолдау көрсетіп, дауыс берулеріңізді сұраймыз. Бүлдіршіндеріміздің қаламынан туған суреттерге дауыс беріп, бірге қолдауға шақырамыз!

 

Байқауға қатысушылар:

                                                                                      

Алмухамед Гүлнұр №59 мектеп-лицей 

IMG 1145

Жанарбергенова Дина №51 мектеп-гимназиясы

IMG 1149

Айберген Сабырбай №51 мектеп

IMG 1151

Усенова Алия №54 мектеп-лицей

IMG 1152

Усенова Амина №54 мектеп-лицей

IMG 1154

Курмашов Әлібек

IMG 1157

Жантурин Абдулла №80 мектеп-лицей

IMG 1159

Жантөре Марьям №80 мектеп-лицей

IMG 1161

Нұркеш Жаннұр №51 мектеп-гимназия

IMG 1164

Мухамеджан Аружан №40 орта мектеп

IMG 1171

Мырзақұл Бекарыс № 138 гимназия мектебінің оқушысы

WhatsApp Image 2017 06 20 at 08.50.34

Қасиетті Рамазан айында «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов Аршалы ауданында орналасқан ЕЦ-166/5 мемлекеттік мекемесіне барып экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізді. 

Қасиетті Рамазан айында Елордаға арнайы ат басын бұрған исламтанушы Арман Қуанышбаев «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесу өткізді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Төлебай» мешітінде «Берекелі Рамазан» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.

Рамазан – Құран айы. Бұл ай құлшылыққа аса ерекше көңіл бөліп, мұсылман баласы өзін рухани тұрғыдан жаңғыртып, жетілдіретін уақыт. Қасиетті айда ел мешіттерінде Алланың аты ұлықталып, Құран хатым етіледі.

Қасиетті Рамазан айының кезекті күні, тарауих намазынан соң елімізге белгілі исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев Елордаға келіп, «Нұр Астана» орталық мешіті жамағатымен жүздесті.

Бүгін айлардың ардақтысы Рамазанның қасиетті жұма күніҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен елорда аумағындағы мешіттерде 1000-нан аса бала жазғы сауат ашу курсында білім алуда.

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді. Ақшам намазынан соң жамағатқа айқара ашылған берекелі дастархан басында елімізге танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, мұсылман мемлекетінің елшілері мен зиялы қауым өкілдері, Елорда мешіттерінің жамағат қариялары, Ардагерлер үйі мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері бас қосып, ғибратты отырыс өткізді.

Астанада қасиетті Рамазан айы құрметіне игі істер легі жалғасын табуда. Корпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігі елордамыздың Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық дертке шалдығып, ем қабылдап жатқан балаларға барып, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Кеше кезекті тарауих намазынан кейін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов уағыз айтты.