03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қасиетті айдағы қайырымдылық істері Астана мешіттерінде жалғасын табуда. Елорда іргесіндегі «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлының бастамасымен Теміржолшылар кентіндегі тұрмыс-ахуалы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратылды.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерге ауызашар дастарханын жайды. Ораза кешінде күні бүгінге дейін мешітте өткізілген Құран сабақтары мен шәкірттердің білім жолындағы ізденіс сәттерінен көрініс беретін бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы қоғам қайраткерлері мен зиялы қауымға, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерге арнап ауызашар берді.  Бұл қатарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, академик, профессор, философия ғылымының докторы Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев,   Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы сынды ұлт зиялылары қатысып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Рамазан рақымдылық пен сауаптардың еселеніп жазылатын айы болғандықтан бұл айда жасалған қайырымдылықтардың қайтарымы да қарымды.

Қадірлі Рамазан айында республика көлемінде қайырымдылық шаралары көптеп өткізілуде. Бұл алдымен ізгі айда сауапты істерге ұмтылушы мұсылман жұртшылығының атсалысуымен болып жатқан шара болса, ел мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы ораза қарсаңындағы үндеуінде барша қазақстандықтарды қайырымдылық істерін жиі өткізіп, мұқтаж жандарға қарайласуға шақырған еді.

Қасиетті айдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан атқарылар қайырымдылық шаралары республика көлемінде өткізіліп келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына арнап жариялаған Үндеуінде барша халықты қайырымдылық істерін жиі ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырған еді.

Рамазан айының құрметіне «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау ЕРЕЖЕСІ

 1.    Жалпы жағдай

1.1.        «Жарапазан-Party» атты байқау (ары қарай – Байқау)  жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады;

1.2.        Байқау қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылады;

1.3.        Байқау туралы ақпарат алдын-ала www.ummet.kz сайтында жарияланады;

1.4.        Байқауға Астана қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Сейсенбі күні редакциямызға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бас сұғып, ораза айына орай қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, қоңырау шалған көпшіліктің және газет журналистерінің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Осы ғибратты әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Иісі мұсылман жұртшылығы сағына күткен Рамазан айы да басталды. Ізгілік айында игі үрдістен жаңылмаған «Нұр Астана» орталық мешіті ауызашар дастарханын жайып, елордалықтар алғашқы ораза күнін Алла үйінде ашты.

Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Әбубәкіров Нұрбол Абсаттарұлы Астана қаласы Теміржолшылар кентіндегі «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.