Жадымызда болса, 19-ақпан күні елордада ҚМДБ-ның ұйытқы болуымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І имамдар форумы өткен-ді. Форумда мынадай мәні мен маңызы зор төрт құжат қабылданды: «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті».
Дәстүрлі дін теріс жолдан тыяды (ФОТО)
Елорда мектептерінде қала әкімдігі Жастар ісі бөлімі мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының бірлесуімен экстремизмге қарсы игі бастама қолға алынды.
Ізгілікке үн қосу – мұсылманның міндеті (ФОТО)
Бүгінде донор тапшылығынан қиыншылыққа душар болған адамдар арамызда аз емес. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін республика көлемінде донорлық акциялары ұйымдастырылып келеді.
Ізгілік күні бас қосты (ФОТО)
Бүгін иісі мұсылман халқы үшін қасиетті Мұхаррам айында «Нұр Астана» орталық мешітінде елордалық жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Айта кетсек, хижри жыл санағына сәйкес, осы айдың оныншы күні Ашура деп аталады. Пайғамбар өнегесін өміріне өзек еткен игі мұсылман бұл күні Ашура оразасын ұстайды.
Жөні бөлек жүздесу (ФОТО)
Бүгін елорданың айшықты құлшылық үйі «Нұр Астана» орталық мешітіне Бахрейн корольдігі «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Әділ Хасан әл-Хамад бастаған бір топ делегация келді. Бұл қатарда қордың вице-президенті шейх Уахит Халил Әли, қаржы төрағасы шейх Әли Ахмад әл-Рауйи, құрылтай мүшелері шейх Жамал әл-Жалахима мен шейх Омран Даруиш болды.
Құран тарату Елордада жалғасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен елімізге Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан жеткізілген 100 000 (жүз мың) дана Қасиетті Құран Кәрім кітабы еліміздің мешіт, медреселері мен діни орындарға үлестірілуде.
Заңгер түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Бүгін ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан, ҚМДБ «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілі Нұрлан Әлжанқұлов Астана қаласындағы «Әс-сәләм» мешітінде болды.
Басылымға жазылып – тегін тиер қажылық
Астаналық оқырмандарды «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына 2016 жылға жазылу арқылы бәйгеге қатысуға шақырамыз!
Бәйгеге «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына бір жылға жазылған тек қана астаналық оқырмандар ғана қатыса алады. Астана тұрғындары үшін «Иман» журналына бір жылға мешіт арқылы жазылу бағасы – 2640 тенгені ал, «Ислам және Өркениет» газетіне – 1500 теңгені құрайды. Пошта арқылы «Иман» журналына бір жылға жазылу бағасы – 3084 тенге 12 тиын ал, «Ислам және Өркениет» газетіне – 1915 теңге 77 тиын.
Білім жолын қуса игі (ФОТО)
Бүгін елорданың №61 орта мектебінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған шара өтті. Жиынға 8-11 сыныптың 400-ге жуық оқушы қатысты.
Дін қызметін жандандыруда айқындалған төрт бағыт
Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қала имамдарына жиналыс өткізді. Басқосуда Бас мүфти тапсырмаларының орындалу барысы пысықталды. Сондай-ақ, наиб мүфти имамдарға нақты 4 бағыт бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.
Кең пейілді кемімес...
Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешіті құрбан айт күндері «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясына үлестерін қосты.