03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ардақты ағайын! Бәрімізді жарылқаушы, қорғаушы, мейірімі шексіз Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айына да келіп жеттік. Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Аллаһ сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» дейді. Алла тағала мүбәрак айдағы құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл, иманымызды кәміл етсін.

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастырумен Астана қаласы мешіттерінде өтіп жатқан «Имани жаз - 2015» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында «Білімге құштар иманды жас» атты білім сайысы болып өтті. Сайысқа Астана қаласының 8 мешітінен шәкірттер қатысты.

Жарыс төрт айналымнан тұрды: таныстыру, Ислам тарихы, бес парыз және жүзден жүйрік.

16 маусым күні сағат 15:00-16:00 аралығында он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана ақшамы» газетінің редакциясында тікелей желіде оқырмандардың оразаға байланысты сұрақтарға жауап береді.

Кеше Елордамызда «Астана» медресесі түлектерінің бітіру кеші өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының кеңесшісі Раев Қуат, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Жалпы және жастар ісі бөлімінің Алтынбек Ұтысхан және ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Кеше Ирак республикасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы, имам Ағзам Әбу Ханифа мешітінің имамы, Ханафи мәзһабының белгілі ғалымы Ахмад Хасан ат-Таха бастаған делегация өкілдері Астанаға ат басын бұрып, «Нұр-Астана» орталық мешітіне зират етті.

Қытай Халық Республикасының шақыруымен 23-31 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бастаған Қазақстандық діни бірлестіктер өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен болып қайтты. Аталған топ құрамында ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да болды.

Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне  орай, Астана қаласындағы «Азия парк» сауда кешенінде, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік мекені» жобасы аясында «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Кеше Малайзия елінің Сұлтан Зайналабидин университетінің вице-канцлері, професор, ғылым докторы Яхйа ибн Ибрахим бастаған делегация Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне келді. Мәртебелі меймандар келелі кездесу барысында еларалық білім саласындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту жайын талқылады.

Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мүшелерінің 20-22 мамыр күндері Астана қаласы мешіттерінің жамағатымен өткізетін уағыздарының КЕСТЕСІ