10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік мекені» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті.

Ай сайын желісі үзілмей жалғасып келе жатқан бұл шара аясында мұқтаж отбасыларға бір айлық азық-түлік қоры үлестірілді. Елордамыздағы көп балалы және асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен мұқтаж жандарды қамтыған қайырымдылық шарасының шарапаты бұл жолы 20 жанұяға арналды.

Шара барысында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Мамлюк Мусаев бастаған мешіт қызметкерлері келген отбасыларға рухани қолдау танытты. Мешіт ұжымының ұйытқы болуымен тұрақты түрде ұйымдастырылып жүрген ізгі шараның өтуіне «Сауап» белсенділер тобы әдеттегідей атсалысты. Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымына келген отбасылар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

8794da71 95c3 46ff b06a e2e83c183530

b02333f6 171b 405e bb9b a4016d83643d

537e5581 9bf1 474a aeff 8ba097fa4b3c

96ac7942 906b 4edf 9a72 6df32863e9af

ummet.kz

Бөлісу: