27
Сенбі,
Шілде

һижри

«Әл-Фараби»: Наиб мүфти жұма уағызын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Наиб мүфти жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қасиетті жұма күні еліміздің барлық мешіттерінде «Жетімнің ақысы» тақырыбында жамағатқа жұма уағызы айтылды.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнайы келген ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы аталған тақырыпта көркем насихат айтып, дініміздегі жетімнің ақыларына кеңінен тоқталды.

«Асыл дініміз Ислам мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, қамқорлық танытуға бұйырады. Мұқтаж деп танылатын адамдардың қатарында ең әуелгісі –жетімдер. Дінімізде жетім деп анасы мен әкесі бірдей жоқ болған баланы айтумен қатар, анасы бар бола тұрып, әкесі жоқ болса да жетім деп танылады. Ал жетімге қамқорлық деп жетім қалған кішкене баланың қажетінде болуды, қамқорлық етіп, оны тәрбиелеуді, ер бала болса, ер жеткенге дейін, қыз бала болса, бой жетіп, тұрмыс құрғанына дейін оған жақсылық жасауды айтамыз. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 2-аятында: «Жетімдердің мал-мүліктерін беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өз мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Өйткені ол – үлкен күнә», – деп, жетімдерге қамқор болуды бұйырып, олардың ақысын жеуден сақтандырып, ескерткен» деді наиб мүфти.

Сонымен қатар, Сансызбай Құрбанұлы жетімнің ақыларына жеке-жеке тоқталып, Құран аяттарынан, Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолынан мысалдар келтірді. Атап айтқанда, жетімнің мал-дүниесіне қол сұқпау, жетімдерге құрмет көрсетіп, қамқор болу, қорған болу, мейірімділік танытудың сансыз сауабы мен екі дүниедегі пайдасын тілге тиек етті.  

Уағыз соңында жамағатпен бірге еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы үшін арнайы дұға жасады.

0dd8910c 063a 47f1 ab05 15e117b2ff03

56ea21f6 fef5 4a52 823f f35d3a073b67

70b9db23 0b48 4b42 a8c2 25961a575d9d

9e7fac79 d84e 4ec4 b3a0 85f2d7425ef4

62c3e284 e1a6 4d03 a3ba 0a49dd05213a

ce5c0ee5 f4e0 41ad 8f4f f4f9bd1319e0

 

ummet.kz

Бөлісу: