27
Сенбі,
Шілде

һижри

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 130 шәкірт марапатталды (фото)

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 130 шәкірт марапатталды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Құранға түскен шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі өтті.

Шараның мақсаты – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттердің одан әрі білімін шыңдау.

Шара барысында мешіт ұстздарынан діни білім алып, Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен 60 ер шәкірттерге лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Сондай-ақ, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – мәңгі қорғаным» атты дәстүрлі  рухани Құран кеші өтті. Шара барысында мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен 70 әйел шәкірт арнайы сертификатпен марапатталды. Шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастархан жайып, игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата беріп мешіт тарапынан дайындаған сый-сияпат тарту етілді.

Республикалық бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы ізгі шараны ашып беріп, Құран оқудың дініміздегі маңызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты. Періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаятынын, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайтынын айта келе, алған білімі ақыретіне азық болып, Сырат көпірінен қиындықсыз өтуіне себепші болуын тілеп, ізгі тілегін білдірді. Кеш соңында шәкірттер мешіт ұстазы Айгерім Қадылға алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын жасады.

Осылайша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен дәріс алған үздік 130 шәкіртті мешіт ұстаздары марапаттады. Қасиетті Құранға жол бастаған шәкірттер ұлағатты ұстаздарға зор алғыстарын білдірді.

8cd40753 9b45 4516 a739 adcb9b865520

7a165ad6 7180 4609 af58 1b5d8ef2ca57

616f90fc cef2 4afe 9197 4f3f50b4498f

df6b1f0a 99a7 4adf 848a 88baf5335f38

a7f97615 e7e5 4e52 b4c9 70afd7244628

412e6312 7844 421e 99aa b94e99868335

95f1fa7a 3937 4b6c ac84 38d62c0aac30

1e72ea74 73d2 4e33 8b09 5932a183ff93

cc098dfd 36a5 4d2b 8500 a39bc69fc53e

04790278 a724 4a0e ac6b 00f1f6f128de

22783065 6bfb 45fb b32e b60791f804cc

020eb416 3c2b 45ba 8a0b 73d27f39f918

1525220e dce3 4502 9381 d80fdc84af8e

11315e91 3ba2 490d b4d0 dc0c12f1e836

7d7d397f 6959 45a7 b4e3 5c0e6cf4c159

55dc05e1 8200 4570 bf7b ef60f481d305

e2ce4a2c dd95 4826 8e79 eef4d6ef5347

525d1c75 36ab 434a 81a7 113ece1d7afa

ummet.kz

Бөлісу: