Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ;жамағатқа жұма уағызын айтты.
«Бақытты отбасы – ізгі қоғам негізі» тақырыбында жұма уағызын айтқан наиб мүфти: «Асыл дініміз ер мен әйелдің өмірлік жұбын тауып, шаңырақ көтеруіне маңыз беруімен қатар, отбасылы жандардың бақыт пен берекеде өмір сүруіне де үлкен мән береді. Өйткені Бақытты отбасы – ізгі қоғам қалыптастырудың басты негізі. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Сендерге Оның (Алланың құдіретін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – өз болмыстарыңнан жандарың жай тапсын деп, сендер үшін жұбайлар жаратып, араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты. Расында осыны ақылға салып, ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер мен ғибрат бар», – деп айтқан («Рум» сүресі, 21-аят).
Бұл аятта адам баласына жүрегінің тыныштығы үшін өмірлік жар берілгені, жұбайлардың арасына сүйіспеншілік пен мейірім салғаны айтылған. Қандай да бір отбасында мейірімнің аясында қарым-қатынас жасалса, арадаға сүйіспеншілік сақталып, жүрек тыныштығы орнап, бақыт пен береке болады» деді Кенжетай Байкемелұлы.
Бұдан кейін наиб мүфти мешіт жамағатымен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
ummet.kz
Бөлісу: