«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы білімді, білікті имаммен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа тағайындауды мешіт жамағатына «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов таныстырды.
Алдымен, бұған дейін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы қызметін абыроймен атқарған Ренат Жапбасовқа бас имам Нұрлан Бекболатұлы зор алғысын білдіріп, лайықты құрмет көрсетті. «Әл-Ғани» мешітіндегі жаңа қызметіне сәттілік тілеп, иығына халқымыздың дәстүр бойынша шапан жауып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Сонымен, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы қызметіне тәжірибелі ұстаз, имам Ахметов Ғазиз Нұртайұлы тағайындалды.
Ахметов Ғазиз Нұртайұлы – 1984 жылы 6 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Білім жолын 2002-2006 жылдары Қазақ-араб (Отырар) университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша бастап, 2007-2010 жылдары Түркиядағы Селжук университетінің «Ислам мәзһабтары тарихы» саласы бойынша магистр дәрежесін алып шыққан.
Еңбек жолы:
2010 жылы Астана қаласындағы Ислам орталығында ұстаздық қызметін;
2010-2012 жылы Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Бас имамы қызметін;
2012 жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін;
2015 жылдың қазан айынан Тараз қаласының Бас имамы қызметін;
2017 жылы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін;
2019 жылы наурыз айынан Тараз қаласының бас имамы қызметін;
2020-2022 жылдары Астана қаласы, Астана медресе колледжінің ұстазы қызметін;
2023 жылдың 9 маусымынан Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітіне наиб имамы қызметін абыроймен атқарған.
Сондай-ақ, Ахметов Ғазиз Нұртайұлы – Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАНТ) мүшесі, төрт тілді толық меңгерген білікті маман.
ummet.kz