19
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды. 

Аталған игі шараға, мешіт ақсақалдары, мешіт имамдары мен мыңдаған елордалық мұсылман жамағаты қатысты. Жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кіріп, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқыла басталды. Осы үрдіс ай бойы жалғасады. Жалпы «тарауық» сөзі қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады. Әбу Ханифа мазһабы бойынша 20 рәкәғат оқылады. 

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қалыс қалмауға шақырды. Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде бір ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды. 

Атап айтқанда, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы, 2001-2004 жылдары Шымкент қаласы «Да аль-арқам» Құран жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаған. 20 жылдан бері хатым етуде. 

Екінші қари Мұрат Дайрабайұлы, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы. 1995-1998 жылдары Стамбул қаласында Құранды толық жаттаған. 14 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде. 

Үшінші қари Ғазиз Ахмет «Әбу Насыр Әл Фараби» мешітінің наиб имамы.  10 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде Түркия Республикасындағы Селжүк университетінде “Ислам мазһабтары тарихы” мамандығы бойынша магистр дәрежесін тәмамдаған.

Төртінші қари Нұрболат Нұрбекұлы «Әбу Насыр Әл Фараби» мешітінің ұстазы. Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының түлегі. Асым қырағатының Хафс және Шұғба риуаяттарының иегері. 4 жылдан бері хатым өтуде.

Айта кетейік, елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан үрдіс бойынша биыл да тегін автобустар шығарылып, мешітке келген жамағаттың үйіне қайтуына мүмкіндік жасалды. 

Алла Тағала қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

001.jpeg

000900.jpeg

000076.jpeg

 

00005.jpeg

0004.jpeg

000055.jpeg

002.jpeg

00003.jpeg

003.jpeg

ummet.kz

 

Бөлісу: