01
Жексенбі,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби»: 60 отбасыға «Рамазан қоржынын» тарту етті (фото)

«Әл-Фараби»: 60 отбасыға «Рамазан қоржынын» тарту етті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең қайырлы істердің бірі болып саналады. Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазан айында сауабы еселенетін көркем істердің қатарынан.

Алла Елшісінің «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесіргежоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады» деген өсиетіне амал етен мешіт ұжымы кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.

Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен (АҚИҰ) бірлесе отырып, қаламыздағы 60 мұқтаж отбасыға ауқымды көлемде азық-түлік қоржындарын үлестірді.

Бастаманың мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету және ораза кезінде олардың күнделікті тұрмыс ауыртпашлықтарын жеңілдету.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов келген қайырымдылық жәрмеңкеге қатысқан отбасыларды Рамазан айының келуімен құттықтап, мешіт ұжымы әрдайым мұқтаж жандарға қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

Аталған бастамаға жетекшілік ететін АҚИҰ Бас директоры, Елші Берік Арын қайырымдылық шараға арнайы қатысып, «Рамазан айы бізге ынтымақтастық пен өзара қолдаудың маңыздылығын еске салады. Осы касиетті кезеңде мұқтаж жандарға қолдау көрсету – АҚИҰ үшін әрі міндет, әрі мәртебе», – деп атап өтті.

Азық-түлік көмегін алған отбасылар аталған ұйымға, мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Көрсетілген қолдау күнделікті тұрмыстық қиындықтарын жеңілдетіп, Рамазан айында сабырмен ораза ұстап, рухани құндылықтарға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін айтты.

uuujumu.JPG

imeg.JPG

jjjjyhb.JPG

hyhyhy.JPG

eeeeeee.JPG

htv.JPG

e4rfvfvfv.JPG

ffffe.JPG

ummet.kz

Бөлісу: