29
Жұма,
Наурыз

һижри

Астаналық имамдар "Жаназа және жерлеу рәсімдері" семинарына қатысты

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Әлжан ана мешітінде елордалық имамдар мен молдалар "Жаназа және жерлеу рәсімдері" қалалық семинарына қатысты.

ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен  өткен бұл шара діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды ретке келтіріп, жаназа мен жерлеудің исламдағы бірыңғай үкімдерін жеткізуді, қайтыс болған адамды ақтық  сапарға аттандыру рәсімін бірізділікке түсіруді көздейді. Семинар ҚМДБ Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің талқылауынан өткен "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабы негізінде жүргізілді.

Zhanaza (3)

Zhanaza (10)

Zhanaza (11)

Діни жоралғыларды әртүрлі жасаудан сақтануға бағытталған дәріс барысында «Жан тәсілім еткеннен кейінгі шаралар», «Мәйітті жуындыру мен кебіндеу», «Жаназаға қатысты үкімдер» секілді тақырыптар қозғалды.

Семинарға келген қалалық жамағат және мешіт ақсақалдары білікті имамдардан өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын алды.

Сондай-ақ, арнайы шақырылған Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы директорның орынбасары Айбек Аташев пен қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының заңгері Алмазбек Мамбетов көпшілікке «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Zhanaza (2)

Zhanaza (12)

Zhanaza (9)

Zhanaza (5)

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: