26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әс-Сәләм» мешітіне бас имам тағайындалды

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Құрманов Серік Амамбайұлы Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай «Әс-Сәләм» мешітінің ұжымы мен жамағатқа жаңа басшыны таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Серік Амамбайұлы 1979 жылдың 1 қыркүйегінде Ресей Федерациясы Курган облысы Лебяжинск ауданы Травное ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақстанға көшіп, діни білімді 1996-1998 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы «Убай ибн Кааб» медресесінде алған. 2004 жылы Алматы қаласындағы республикалық ислам институтында имамдардың біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2010-2013 жылдары Шахтинск қаласының «Нұр» мешітінде бас имам, ал 2013-2015 жылдары Қарағанды облысының орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қарағанды облысының орталық мешітінде бірінші наиб имам болып келді.

Үйленген. Алты қыз, екі ұлдың әкесі.

Ал, «Әс-Сәләм» мешітінің бұрынғы бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы ғылым жолына түсіп, докторантурада білімін жалғастыратын болды. Оған «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының атынан қазақы салтпен шапан жауып, оқу-ағарту ісінде зор жетістіктер тіледі.  

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі және «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы атынан Серік Амамбайұлына жаңа қызметте жемісті еңбек, толағай табыстар тілейміз!   

2552

IMG 8668

IMG 8679

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: