25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

"Жібек" қыз-келіншектер клубы 1 жылдығын тойлады

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубының 1 жылдық мерейтойына орай кеше «Қазақ қызы – ұлттың ұйытқысы» атты  рухани кеш өтті.

Осыдан бір жыл бұрын ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан «Жібек» қыз-келіншектер клубы құрылған болатын.

Клуб ұлттық дәстүр мен сананы дәріптеп, "бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен" аяулы жандарды игі істерге ұйытуды мақсат етті. Бұл бағытта өнімді жұмыстар атқарған ұйым мүшелері бүгінге дейін 30-ға жуық қоғамдық, мәдени, қайырымдылық шара ұйымдастырды. Әсіресе, «Жібектің» қыздары мұқтаждарға қайырымдылық көрсетуге ерекше ден қойып, «Мейірімділік мекені» жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. 

Jibek 6

Дін мен дәстүрді ұштастырған мерекелік шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова қатысты. Сондай-ақ, «Жібек» клубын құттықтауға бірқатар отандық журналистер мен өнер өкілдері және «Нұр Астана» орталық мешітінің әйелдер жамағатынан құрметті апа-әжелер де келді.

Jibek 9

– Мешітімізге әйелдер жамағаты көп келеді. Ұл болсын, қыз болсын, кез келгені жаратушыны іздейді. Бірақ сол жолда біреу түзу жүрсе, екіншісі білмей адасып кетуі ықтимал. Сондықтан жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру қашан да маңызды.  Әсіресе, әйел – үйдің алтын қазығы ғана емес,  дүйім ұлттың тәрбиешісі. Халықтың болашағы қыздың тәлім-өнегесімен тікелей сабақтас екені белгілі.  Имандылық жолында қыздарымыз дәстүрден де алшақтамауы керек. Осындай игі мақсаттарды көздеп, «Нұр Астана» орталық мешітінен «Жібек» қыз-келіншектер клубын құрдық.  Аллаға шүкір, ізгі ниетіміз жемісін беріп жатыр. Қанша апаларымыз «Намаз оқуды үйрендік, арабша сауат аштық, Құран кәрімді хатым еттік» деп рақметін жаудырып келді. Қыздарымыз қоғамдық шараларға атсалысып, үйлерінен тамақ пісіріп әкеліп, жәрмеңке жасап, қайырымдылықдық жаршысы болудан жалықпайды, - деген ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы клуб мүшелерін мерейлі күнмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

         Рухани кеш барысында «Жібек» қыз-келіншектер клубы қазірге дейін атқарған жұмыстарды баяндайтын видео-сюжет көрсетіп, жиналғандарға бір жылдық есеп берді. Клуб жетекшісі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиеваның айтуынша, бір жыл ішінде 660 шәкірт «Құран әліппесі», «Ислам тарихы», «Отбасы ғылымхалы», «Әдеп сабақтарынан» жүйелі дәріс алды. Клуб мүшелері түрлі семинарлар, білім сайыстарын, спорттық жарыстар мен қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. 

Jibek 8

– «Мейірімділік мекені» жобасы аясында 300-ден аса адамға көмек көрсетілді. "Адасқанның айыбы жоқ, қайта айналып, үйірін тапса" демекші, клубтың белсенді қызметі арқасында жат ағымның жетегіне ерген 4 сіңліміз райынан қайтып, қатарымызға қосылды. 30 жанұяға уақытылы психологиялық көмек беріліп, отбасылары ажырасудан сақталды. Жұмыс табуда жәрдемдесіп, 6 қыз тұрақты жұмыспен қамтылды.  Ұлтжанды, парасатты, салт-дәстүрді бойына сіңірген қыз-келіншектердің ортасына айналған «Жібек» клубы алдағы уақытта да ізгі мақсатттарда өз қызметін жалғастыруға ниетті, - дейді Динара Құтқожақызы.

IMG 9547

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы да «Жібек» клубының алдағы жұмыстарына игі тілегін білдіріп, клуб мүшелерін құттықтады. 

– Идеяларыңызға өте ризамын. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау деген қос етек көйлек киіп жүру немесе қаланың ортасында киіз үй тігіп отыру емес, білеміз. Бастысы, құндылық – санада сақталады. Ал дәстүр – ұғым, образ арқылы есте қалады. «Ең әуелі, сол образды сақтасақ» деген ниетім бар. Құнанбайдың анасын жақсы білесіздер. Баласын дәретсіз емізбеген Зере анамыз. Иман нұры жүзінен төгілген ана, Абайдай алыптың дүниеге келуіне себеп болған ана. Қыздар тәрбиесінде Зере, Бегім ана, Домалақ ана сынды иманды аналарымыздың образдарынан да үлкен үлгі, өнеге алуымыз керек, - деп ой бөлісті Айнұр Әбдірәсілқызы.

«Жібек» қыз-келіншектері клубының рухани кеші ұлттық құндылықтарды жаңғыртты. Клуб мүшелері бұл күні қазақша көйлек, оюланған қамзол, сәукеле киіп, халық әндерінен шашу шашты. «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Дудар-ай», «Қариялар» әндері шырқалып, «Тағылым тамшылары» поэзия оқыды. Салт-дәстүрге байланысты викториналық сұрақтар да назардан тыс қалмады. Жиналғандар сыбаға, жеті ата, жеті жұт, ұлттық ойындар туралы жарыса баяндап, алты баланың анасы бесік жырын айтып берді. Толық жауап бергендерге орамал, жайнамаз, тағылымы мол кітаптар секілді естелік сыйлықтар берілді. 

Jibek 10

IMG 9538

Jibek 22

Jibek 21

IMG 9794

Сонымен бірге, орамал тағудың әдемі, заманауи  үлгілерін көрсеткен мастер-класс та көпшіліктің көңілінен шықты. 

Мерекелік кешке арнайы шақырылған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева қыз-келіншектерге жылы лебізін білдіріп, қонақкәде ретінде жанды дауыста «Перзент парызы» әнін орындап берді.  

Jibek 29

Jibek 30

Jibek 34

Jibek 15

Белсенді клуб мүшелері алғыс хатпен марапатталып, кеш соңында «Жібек» клубының әнұраны шырқалды.

Jibek 17

Jibek 26

Jibek 19

Jibek 25

Jibek 1

Jibek 3

Jibek 7

Jibek 28

Jibek 14

Мәдина ЖАҚЫП, ummet.kz

Бөлісу: