23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

«Имани жаз – 2019» сауат ашу курсы салтанатты түрде аяқталды (ФОТО+ВИДЕО)

«Имани жаз – 2019» сауат ашу курсы салтанатты түрде аяқталды (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

2 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде «Имани жаз – 2019» сауат ашу курсының қатысушыларына сертификат табысталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жазғы курсқа биыл 7-15 жас аралығындағы 400 бала қатысты. Оның ішінде 150-і қыз және 250-і ер бала. Үш аптаға жалғасқан сауат ашу курсында жеткіншектер жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлініп, түске дейін және түстен кейін 2 мезгіл  білім алды. 

Сауат ашу курсының аясында «Менің көрікті мешітім» атты сурет салу жарысы ұйымдастырылған еді. Шәкірттерге алдын-ала байқаудың ережелері түсіндіріліп, бір апта уақыт берілді. Бір аптадан соң жиналған 150 суреттің ішінен ең үздік деген 16 сурет ақтық сайысқа шықты. Жас өнерпаздардың қаламынан шыққан әсем суреттер  ummet.kz  сайтында оқырмандар назарына ұсынылып, ең көп дауыс жинаған үш сурет «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша марапатталды.  

Ал жүлдегерлерді анықтау үшін ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қаныбекова Әлия Әбубәкірқызы арнайы шақырылды. Жас жеткіншектердің өнерін бағалаған кәсіби маман 5 шәкірттің туындысына  І-орын, тағы 5 суретке ІІ-орын берсе, ал қалған 6 туындыны ІІІ-орынға бағалады.  «Имани жаз – 2019» сауат ашу курсының салтанатты жабылу рәсімінде барлық аталымдар бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Сондай-ақ, курс аясында өткен «Ұлттық ойындар» сайысының жүлдегерлеріне де тиісті сыйлықтары мен алғыс хаттары табысталды.

Осылайша салтанатты түрде аяқталған курс соңында балалар бір-бірімен қимай қоштасты. Ал, ата-аналар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Шахматтан жүлдегерлер:

1-орын Болат Инаят

2-Əуелбек Дінмұхамед

3-Əбдунəби Исаали

Шашкадан жүлдегерлер:

1-орынЖетпісбай Иманжан

2-орын Сауранбай Бексұлтан

3-Орын Сагинбекова Əмина

Тоғыз құмалақтан жүлдегерлер:

1:орын Тлеумұрат Нұрдаулет

2-орын Тохтамыс Аслан

3-орын Сейпи Əлкей

Асық ату (Үлкендер):

1)Зекен Сұңқар

2)Абдисабир Мадияр

3)Əділ Датқа

Асық атудан (Кішкентайлар) жүлдегерлер:

1)Жарқын Айбар

2)Амангелдиев Эмиль

3)Болат Инаят

Қыздар арасында бестастан (шекемтас) жүлдегерлер:

1)Төрехан Дария

2 )Даниярова Муслима

3) Қымбат Азель

2

18

21

35

22

27

28

29

30

31

32

33

34

36

37

Бөлісу: