22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ Төрағасы «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады

ҚМДБ Төрағасы «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапары барысында Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне арнайы зиярат жасады.

Бас мүфти тарихи мешітте құран аяттарын оқып, Мысыр жерін билеген әйгілі бабамыз Бейбарыс Сұлтанның рухына дұға бағыштады. Жаратқаннан елдің амандығы мен әлемнің бейбітшілігін, тыныштығын тіледі.

Айта кетейік, Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» тарихи мешіті 2023 жылы толықтай қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.

Бөлісу: