22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде елшімен сұхбаттасты

Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде елшімен сұхбаттасты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде еліміздің Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Мысыр мемлекеті арасындағы тарихи-мәдени байланыс барысы, ҚМДБ мен әл-Әзһар университеті арасында қалыптасқан әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолдары, Нұр-Мүбарак университетінің жұмысын жетілдіру тетіктері сөз болды.

Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр жеріне жұмыс сапарының сәтті болғанын айтып, Қайрат Қайырбекұлы мен елшілік қызметкерлеріне риясыз ризашылығын жеткізді.

«Мысыр мемлекетіне сапарымыз жемісті болды. Әлемнің 60 елінен делегаттар, мүфтилер мен ғалымдар келген ауқымды халықаралық конференцияға қатыстым. Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһаримен, әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыппен және осы елдің мүфтиі Назир Аядпен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Одан бөлек Діни басқарманың Мысырдағы өкілдігі жанынан «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығын іске қостық. Жалпы алғанда осы іс-шараларды атқаруда өзіңіз бастаған ұжымның қолдауын, қамқорлығын сезіндік. Алла Тағала сіздерге разы болсын» деді Діни басқарма төрағасы.

Елші Қайрат Қайырбекұлы да ҚМДБ бастамаларына әрдайым қолдау көрсететінін мәлімдеп, өзара ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді. Сондай-ақ Бас мүфтидің Мысыр мемлекетіне жасаған сапарына сәттілік тіледі.

Бөлісу: