22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ Төрағасы Мысыр мүфтиімен кездесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы Мысыр мүфтиімен кездесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде Мысыр мүфтиі Назир Аядпен кездесті.

Алдымен ҚМДБ Төрағасы Мысыр мүфтиін жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына береке тіледі. Кездесуде ортақ пәтуаларды бірге қабылдау, қазіргі таңда мұсылман үмбетін алаңдатқан күрделі сауалдарды бірге шешу жолдары сөз болды. Бас мүфти Қазақстан және Мысыр арасында екіжақты әріптестік һәм бауырластық байланыс, соның ішінде діни ынтымақтастық басты орында екенін атап өтті.

Кездесу соңында қос елдің мүфтилері қалыптасқан достық байланысты нығайтып, игі бастамаларды қолдайтынын білдірді.

Бөлісу: