24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев Ислам дініне кеңінен рұхсат берілген, мұсылмандардың емін-еркін құлшылық етіп, мешіт, медреселерде діни білім алуға мүмкіндік жасалған бейбіт заманда бүлік жасау үлкен күнә екенін атап өтті.

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында болған террористік актілерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастар ұйымының мүшелері, имамдар және зиялы қауым өкілдерімен кездескен болатын.

Бүгін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында келді. Бас мүфти іс сапар барысында «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысындағы имамдар, теологтар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, діни ахуал мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының

 Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Бүгінгі күнде бүкіл әлем берік­тік­ті сынауды бастан кешіруде. Адам­дарда бейбіт қатар өмір сүру мен адамгершіліктің рухани іргетасының әлсіреуінің себебінен Жер шарының жекелеген аймақтарында қақтығыстар шиеленісті. Жалған діни ұрандармен бүркемеленген экстремизм мен терроризм бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Ақтөбе қаласында 5 маусымда болған лаңкестік оқиғаны қаталдығы жағынан жантүршігерлік қылмыс деп атады «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеде содырлардың күш құрылымдары мен биліктің жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін болғанын айтты. Алайда сарапшының айтуынша, күш құрылымдары бұл жағдайдың алдын ала білді.

Ақтөбеде ү.ж. 5 маусымда жазықсыз адамдардың өлімімен аяқталған зорлық әрекеттер барлық қазақстандықтардың жүрегінде ауыр із қалдырды.

Қасиетті Рамазан айына санаулы сағаттар қалған сәтте Ақтөбедегі қанды оқиға күллі қазақ жұртының жағасын ұстатты.