26
Жұма,
Сәуір

һижри

Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «I Республикалық қыздар арасындағы Құран жарысы» мәресіне жетті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Төлеби Оспан «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

«Нұр-Мүбарак» университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бүгін Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде бұқаралық-ақпарат құралдарындағы дін мәселелеріне, діни басқарманың ақпараттық арнадағы жұмыс жоспарына арналған жиын өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Қазақстан халқының бірлігіне күніне орай өткен мерекелік шараға қатысты, деп хабарлайды Akorda.kz.

Ардақты ағайын, қадірлі қазақ жұрты! Мінекей, тәуелсіз елдің көгінде ақ көгершін ұшырып, татулық пен достықты паш ететін көктемнің мерейлі мейрамы да мамырдың бірімен есік қақты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) Астанадағы бес күндік жұмысының қорытынды брифингі өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Шын жүректен» атты қайырымдылық теле-марафонына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюниді қабылдады. Бұл жайында аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Ақниет» оңалту орталығы ортақ меморандум қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.