Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Имамдар Бурсада білім шыңдайды (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияда білім жетілдіру курсына жолдама алған республика өңірлерінің имамдарымен кездесті.
Мемлекеттік қызметтегі дін саласын дамытады (ФОТО)
Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде мемлекеттік қызметтегі дін саласымен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру курсы тұсауын кесті. Бұл жайында «Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас мүфти Мақсұт Нәрікбаевтың қазасына байланысты отбасына көңіл айтты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы белгілі қоғам қайраткері Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың қазасына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Халал сертификаты берілді (ФОТО)
Бүгін Алматыда халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал өнімдерін стандарттау бөлімі арнайы сертификат табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Әулиеата жұртында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)
Киелі Тараз жерінде өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойында тағы да бір жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Бұл туралы «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсіміне қатысты. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Суат Бейлур: Жастарға жан-жақты көмек көрсетіледі (ФОТО)
Кеше Түркия үкіметінің жанындағы шетелдердегі түріктер және туысқан халықтар жөніндегі басқармасының Орта Азия және Кавказ елдері бойынша үйлестірушісі Суат Бейлур мырза ҚМДБ найб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.
Бас мүфти дәстүрлі дәрісін өткізді (ФОТО)
Бүгін Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру институтында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы білім жетілдіруші дін қызметкерлеріне дәріс өтті. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
V дінтанушылар форумы өтеді
Дін істері комитеті 29 қазан күні «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық – болашағы біртұтас ұлт платформасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V Форумын өткізеді, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.
Наиб мүфти: «Қажылар елге белгіленген кестемен оралуда» (ФОТО)
Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесі бір жолға қойылды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.