27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде аймақтың аты мәшһүр дін қайраткері, қари Ғабдулбари Төлегенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған қарилардың Құран жарысы басталды. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оңтсүтік өлкедегі сапары барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дін - бірлікке бағыттайды» облыстық семинарына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Атырау әкімдігінің Мәдениет кешенінде өткен "Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жеті бірдей шетелдің дін ғалымдары мен мамандары келді. Осы қатарда Қазақстанға арнайы келген Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Джалалатдин Нұриддинов ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлының қабылдауында болды.

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлы, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев пен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы орталық мешіттің жанынан ашылған сауат ашу курсының ұстаздары мен тәлімгерлерімен кездесті. Бұл туралы «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кувейт мемлекеті Әмірінің кеңесшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық көмек жөніндегі ресми өкілі, Әлемдік Ислам қайырымдылық ұйымының президенті, доктор Абдолла Маътуқ әл-Маътуқ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлымен кездескен осылай деп айтты. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз бөлімі хабарлады.

Бүгін Атырау қалалық мәдениет үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесі шәкірттеріне кезекті дәрісін оқыды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Кувейт мемлекеті Әмірінің кеңесшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық көмек жөніндегі ресми өкілі, Әлемдік Ислам қайырымдылық ұйымының президенті, доктор Абдолла Маътуқ әл-Маътуқ мырзаны қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Жуырда барша елді елең еткізген уақиға болды. Өмірінің жазы кетіп, күзі қалған Маргарита әжейдің жан қалауы исламға ғана тоқталып, құбылаға жүз бұрды.

Дін – жанның дауасы. Бұл ықылым заманнан адам түйсігінде қалыптасқан қағида-тын. Алайда, қазіргі қоғам діннің затынан бұрын атынан үркетін уақытқа жетті. Жаһанға жайылған терроризм толқыны халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінен түспейтін тақырыпқа айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында діни экстремизм мен терроризмге тойтарыс берудің өзіндік әдіс-тәсілін ұсынып, пікірін ортаға салған еді. Елбасы көтерген мәселе  бүгін Рухани келісім күніне орай өткен конференция тақырыбына арқау болды.