04
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың жетекшілігімен Антитеррорлық орталықтың отырысы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы. ҰҚК төрағасы өз баяндамасында терроризм қаупіне жедел әрекет етуге әзір болу керектігін айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мекке қаласындағы Қажылық миссиясы Бас кеңсесінде қажыларға арналған медициналық орталық ашылды, деп хабарлайды Қажылық миссиясының ақпарат бөлімінен хабарлады.

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей тапсырмасымен имамдардан құралған тазалық тобы елорда мешіттерін аралап, алдағы Құрбан айт мейрамына дайындық барысын пысықтады.

Бүгін Сауд Арабия Корольдігінде Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиевтің басшылығымен алғашқы ресми кездесу өтті.

Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессия отырысына қатысып, халықаралық терроризмге қарсы тұру туралы пікірлерімен бөлісті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Көкшетау қаласында  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен «Науан хазрет» атындағы жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz. Айтулы шараға ҚР Сенат депутаты Жабай Ерғалин, Дін істері комитетінің төрағасы  Ғалым Шойкин, Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин, белгілі айтыскер ақын Арман Бердалин және аймақ ақсақалдары қатысты.

Алматы әуежайында қажылық сапарға шығарып салу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Сауд Арабия Карольдігінің Қазақстандағы елшісі Горм Сайд Малхан қатысып, бата жасап, қажыларға сәт сапар тіледі.

Алматыда қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы Қарағайлы ауылының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мәдина қаласында Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиевтің қатысуымен Миссия мүшелеріне арналған арнайы басқосу өтті.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Мекке қаласының «Әл-Харам» мешітінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметінен.

Сауд Арабиясы Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешітінде орын алған қайғылы оқиға кезінде қазақстандық қажылар болған жоқ, деп хабарлайды ҚМДБ Қажылық миссиясы.