25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Шырайлы шығыс жұртында қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында зәулім мешіт ел игілігіне берілді. Семей қаласының Шығыс кентінде ашылған күмбезді мешіт «Шәкәрім қажы» атауын алды. Құлшылық үйінде бір мезетте   500 адам намаз оқи алады. Бұл туралы Семей қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен биылғы қажылық маусымына байланысты мәжіліс өтті. Онда қасиетті Мекке қаласына тікелей әуе рейсін ашу мәселесі айтылды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Құрметті бауырлар, қадірлі жамағат!

Қадір түніне баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға шексіз шүкірлер мен мадақтар болсын!

  Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Қазақстан» мейрамханасында ауызашар берді.

Бүгін Астанада «Халал сертификациялау» саласы бойынша арнайы семинар бағдарламасы өтті.  Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпенов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Діни істері комитеті төрағасының орынбасары Бахытжан Күлекеев және ҚМДБ-ның халал сертификаттау бөлімі меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен дін қызметкерлері қатысты.

Астана күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мұсылман әлеміне танымал «Әл-Арабия» телеарнасымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы отандастарымызды Астана күнімен құттықтады.