Бүгін ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қажылық компанияларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.
Медреселерде қабылдау емтихандары басталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселерге 2015-2016 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы үстіміздегі жылдың тамыз айының 17 мен 28 аралығында өтпек,- деп хабарлайды ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі.
Наиб мүфти қажылыққа байланысты баспасөз мәслихатын өткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық сапарға байланысты ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Қажыларға Flaynas әуекомпаниясы қызмет көрсетеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми іс-сапары кезінде Эр-Рияд қаласында «Нас» холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстан Елшілігінің жауапты қызметкерлері де қатысып, отандастарымыздың қажылық сапарын оңтайландыру мәселелері қаралып, ортақ мәміле жасалды. Бұл туралы ҚМДБ Баспасөз қызметі хабарлады.
ҚАCИЕТТІ САПАРҒА АСЫҒАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
Ардақты ағайын!
Барша мұсылманның асыл арманы болған ұлы құлшылық, қасиетті қажылық сапарына да санаулы күндер қалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастарымызды Алланың қонағы болуға шақырады.
«Flaynas» әуекомпаниясымен ортақ келісімдер жасалуда (ФОТО)
Сауд Арабия Корольдігіндегі іс-сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов«Flaynas» әуекомпаниясында болып, келелі келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Хиросима мен Нагасаки құрбандарын еске алды (ФОТО)
Кеше «Отан Ана» ескерткіш монументі алаңында Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуына 70 жыл толуына байланысты еске алу акциясы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.
Қапшағайда балаларды сектаға тартқандар ұсталды
Қапшағай қаласында балаларды заңсыз түрде сектаға тартқан Евангелистік-христиандық баптистік шіркеу өкілдері құқыққорғау органы қамауға алды, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.
ҚМДБ: Қажылық Миссиясының МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының
МӘЛІМДЕМЕСІ
Кеше ҚМДБ Қажылық Миссиясының өкілдері Сауд Арабия Қажылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерімен кездесу өткізіп, қажылық сапарына қатысты туындаған кейбір мәселелер төңірегінде келіссөздер жүргізді.
Қазақстандық делегация бұған дейін қажылыққа байланысты (ұшу кестесінің қолайсыздығы, қажылық сапарының 30 күнге созылуы, тікелей рейстің болмау себебінен халықаралық әуежайларда 16 сағатқа дейін күту, билет бағасының көтерілуі, т.б.) төңірегінде туындаған мәселелерді отандастарымыздың пайдасына шешуге қол жеткізді.
ҚМДБ Алматыдағы селден зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында қаражат жинауда.
Өткен аптаның жұма күні, 24 шілдеде 2015 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының әкімшілігінің бастамасымен Алматы мешіттері дін өкілдері жұма намазында халықты табиғи апат салдарынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының басына түскен қиыншылықтарға бей-жай қарамай, жұрт болып жұмыла көмек көрсетуге шақырды.
Қарттар үйінде де қажы бар (ФОТО)
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биыл Алматы қаласындағы Қарттар үйінен Айымторы Каспиқызы кіші қажылығын өтеп келді. Жуырда қажылық сапардан оралған Айымторы Каспиқызы Бас мүфтидің қабылдауында болды.