25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Елордада екінші күн қатарынан өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында бүгін секциялық тақырыптар бойынша отырыстар өтті.  «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты секция отырысына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, дін ұғымы туралы кесімді ойын айтып, баяндама жасады.

Елорда төрінде екінші күн өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезі аясында ұйымдастырылған «Дін және саяси лидерлер: адамзат алдындағы жауапкершілік» тақырыбындағы секциялық отырысында Марокко Корольдігінің Ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмед баяндама жасап, діннің әлеуетін арттыру үшін имамдардың рөлін көтеру туралы айтып, қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі өз елінің тәжірибесімен бөлісті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезіне қатысты.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық БАҚ саласын адамдар арасындағы конфессиялық араздықты тоқтатуға шақырды.

Халықаралық зерттеулер әлемнің әр 5-ші адамы дінді ұстанбайтындығын көрсетіп отыр. Бұл туралы Астана төрінде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті деп хабарлайды E-islam.kz.

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы Діни көшбасшылары кеңесі өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, әлем алдындағы салмақты тақырыптар қозғалды. Кеңестің кезекті 2-отырысында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес құрамының өзгергендігі туралы хабарлады.

Ислам дінін терроризм мен экстремизмнің кез келген формасын ақтау үшін пайдалану әрекеті – дінге жасалған қиянат, қорлаушылық. Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясындағы Дін лидерлерінің Кеңесінің ІІ отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды E-islam.kz.

Бүгін Елордада «Бейбітшілік және келісім сарайында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дін қайраткерлерінің кезекті құрылтайы өз жұмысын бастады.

Әлемдегі түрлі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаң іздейтін болады. Бүкіл саясаткерлердің, болмаса, діндарлардың басын қосатын алаң керек болады. Сол алаң Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі болады. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында еліміздің Бас мүфтиі Ержан Маямеров журналистерге осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIV отырысына қатысты.