26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хорватияның Ислам қоғамдастығы Месихат ұйымының төрағасы, мүфти, доктор Әзиз Хасанұлын қабылдады» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Дүниежүзілік Ислам мәзһабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы Мохсен Мұхаммади Аракиді қабылдады. Бұл жайында Muftyat.kz хабарлады.

2015 жылдың 18 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні! 

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! 

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Түркияның экс-президенті Сүлеймен Демирел 90 жасқа қараған шағында  Анкара госпиталінде дүниеден өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жетісай қаласында сәні мен сәулеті жарасқан «Нұғман» атындағы зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Отан» ХДП-ның төраға орынбасары Бауыржан Байбек, саясаткер Әлихан Бәйменов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Мақтарал ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев  т.б. бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазір елімізде 2500-ге жуық имандылық үйі бар болатын болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі 786-ы мешіт болып ашылып отыр.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Алматы қаласында «Студенттер» сарайында «Өнер қырандары» театрының «Берекелі-мереке» атты рухани кеші өтті. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы 28 маусым – баспасөз күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында Бас редакторлармен кездесті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Қазақстандағы елшісінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз мырзамен кездесті» деп хабарлайды Muftyat.кz.

«Бүгінгі әлем әртүрлі әлеуметтік, экономикалық дағдарысты, саяси, ұлтаралық және дінаралық шиеленістерді бастан кешуде. Осы жағдайларда дінді саясиландыру арқылы жастар санасын теріс арнаға бұру үрдісіне куә болып жүрміз». Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясында ұйымдастырылған «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессия барысында еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы діннің адамзат өміріндегі мәні мен маңызы жайлы баяндады.