29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

Ел іші
Жарнама

5 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен «Ислам және отбасы» жылы аясында жарық көрген жаңа кітаптың тұсауы Алматы қаласында кесілді.

Тәлімі мен тағылымы мол туындыда екі дүниенің сардары, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) мүбәрак тұлғасы, ұстаздық қасиеті, үлгі-өнегесі, тәрбие беруде қолданған әдіс-тәсілдері баяндалған. Барша оқырман қауымға арналған еңбектің ұстаз бен шәкіртке, жалпы жұртымызға берер тағылымы мол.

«Бұл кітап Пайғамбарымыздың (ﷺ) өнегелі өмірі мен тәлімдік тұлғасына еліктейтін барша оқырманға, жамағатқа пайдалы болады деген сенімдемін. Аталған еңбек Алла Елшісінің туған айы – қасиетті мәуліт айында жарық көрді. Осы туындыны шығаруға, аударуға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтамын», – деп атап өтті тұсаукесер рәсімінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, бұл жобаның жетекшісі – ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлы Шохаев, жалпы редакциясын басқарған белгілі ғалым, ұстаз Бауыржан Әлиұлы.

Кітап авторы – шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи. Қазақ тіліне аударған – Ержан Оразов.

Сонымен қатар, салтанатты шарада мүфтияттан шыққан «Қайырымды жан жәннатқа жақын» кітабының да тұсауы кесілді. 

 

Бөлісу: